Сауықтандыру баспасөзі
Соңғы жылдары сауықтандыру баспасөз типі пайда болды. Ол пішінделуімен, көркемделуімен ерекшеленеді, сенсациялық материалдар, экономикалық және саясат тақырыбында жазылған материалдар жеңіл орналасқан. Сұхбат, ақпараттық корреспонденцияны пайдалана отырып, газет және журнал реакциялары оқырманның уақытын толтыра түспек.
Сапалық журналистика ақпараттыққа қарсы түрады, оқырманңға жалпы саясаттық немесе іскерлік басылымды ұсынады. Екі бағыттың – қоғамдық және сапалық прессаның теңдігіне жету өте маңызды.
Радио және телевидениеде көбіне үш бағытта хабарлау жүреді: 1) ақпараттық жаңалықтар, диалогтар (әңгіме, сұхбат, мамандарды шақырып, дискуссия жүргізу). 2) сауықтыру бағдарламалары. 3) өзекті мәселенің саясаттық және әлеуметтік-экономикалық сараптамасы. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнының өзгеруі, телерадиобағдарламаларының аналитикалық деңгейінің өсуімен байқалды. Сонымен қатар, бір уақытта ақпараттық сауықтыру бағдарламаларының бөлігі де көбейді. Сонымен бірге ол жарнамаға жиі тоқтала беретін, жүргізуші журналистің ролі арта түсті.
Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекет жетістіктері жөнінде азайта бастады. Саясат элитасының өмірі жайында, түрлі апаттар жайында, ұрыс жөнінде көп айта бастады. Соған байланысты ең басты өзекті проблема – журналистиканың басты ролін анықтау, публицистиканың басты функциясы – қоғамдық саяси мәтіндердің және радио, телебағдарламалардың теңдігі.
