Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хамза Тоқпанұлының Павлодар телеарнасындағы қызметі

1979 жылы Павлодар дәл осы студияда тұңғыш рет түрлі-түсті экраннан хабар таратады. Бұл да әзілдей отырып бұйымтайын бұғып қалмайтын Хамза Махамбетұлының үлесі тиген іс болды.

Бұл Павлодарда  қарқынды құрылыстардың бел алған кезеңі болатын. Облыстың өндірісі мен телевизиясы егіз баладай қатар дамыды. Көшелерде  алғашқы трамвай жүйткіп, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысы басталды.  Ал телевизия қоғам өмірінің барлық салаларын, оның кейіпкерлерін таныстырды.

Хамза Тоқпанов ұжымға Әнуар Қалиев, Нағима Баядилова, Айтбай Мұздыбаев, Владимир Гусов, Рахат Балтабаев, Сергей Шевченко тағы да басқа көптеген талантты ұл-қыздарды тоғыстырды. Аллюминий, мұнай өңдеу, трактор заводтарынан, Екібастұз отын-энергетика кешенінен арнайы хабарлар дайындалды. Азаппен түсіріліп әкелген материалдары өтпей қалып, бар еңбектің зая кететін кездері де болатын.

Хамза Махамбетұлының бір ерекшелігі ол кісі айналасына жұмысты білетін қабілеті бар адамдарды жинайтын. Мен келген кезде осы телевидениеде журналистика мамандығын бітірген бірді бір адам болған жоқ деп айтуға болады. Сол бірінші келген лектердің біреуі біз болатынбыз. Сондықтан да мен ойлаймын нағыз журналист деген мамандығын алмаған адамдар болса да телевидениені керемет құрды ол кездегі адамдар.

Ол кезде орыс тілінде 70, ал қазақ тілінде 30 пайыз ғана хабар таратылатын. Елдегі тіл мәселесі өзекті. Қазақ мектептері адам төзгісіз күйде. Ол туралы ашық та ашына айта алған журналисттің бірі Хамза ағамыз сеніп жұмысқа қабылдаған Ғалия Балтабай болды. Аға сенімі алдамапты.  «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Асыл мұра», «Тұлға» тәрізді ұлттық хабарларды белсене дайындаған Ғалия апайдың алдында кедергілер де көп еді. Өндірісі өркендеп тұрса да, ұлттық құндылық аяққа тапталған Екібастұздағы жағдайды әшекерлеуі соның дәлелі.

Қазақстаннан берілген сюжет бүкіл еді дүрліктіреді. «Социалистік Қазақтстан» газеті, Қазақ радиосы аталған мәселеге үн қосады. Сөйтіп Екібастұзда екі мектеп ашылған. Арнаға аға болған азамат Хамза Тоқпанов Ғалия апайдың бойынан осы табандылықты көріп қызметке қабылдаған болар.  Тәжірибе мен жастықтың, журналистика мен киноның тоғысқан жері, шығармашылық адамдарын басқару оңайға түспегені белгілі. Қара шаңырақтың алғашқы құрылтайшысы болған Хамза ағаға алғыс айтушылар көп. Ал телеарна болса, баяғыдай,  ісіне ғашық романтиктерге толы. Бүгінде 85 жасқа келген қарияның назарынан олар да тыс қалған емес.

Телевидение, бұл-өткен күннің айнасы, бүгінгінің тынысы, болашақтың жаршысы. Телевидениенің аға буыны да, бүгінгі жастары да тағдырының осы ғажайыппен байланысты болғаны үшін бақытты.

 

0
0
791

Осы тақырып бойынша

Хамза Тоқпанұлының Павлодар телеарнасындағы қызметі - Yvision.kz