Мазмұнға өту

Жаңа

Кеден сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Ішкі қауіпсіздік бөлімі мен департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты айқындау және оның алдын алу мақсатында бірнеше ықпалды шараларды атқаруда. Бүгінгі таңда департаментте кеден саясаты жөнінде қоғамдық консультативтік кеңес құрылып, оның құрамына «Нұр Отан» ХДП мен орта және кіші бизнес өкілдері енгізілді. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша департамент қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес 3 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын 2 құқық бұзушылық анықталған. 21 қызметтік тергеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр. Кедендік бақы…

0
0
587

making of Коммеск-Өмір

making of Коммеск-Өмір...

для начало чтобы сделать ролик, пришлось отмоделить  пару предметов, такие как машина, подушка, колесо, сидение , руль, дерево и тд.

подушка

машина

после  как модели были готовы ... осталось их собрать в сцени...и анимировать и рендерить вот и все...

сам ролик :).

Чехов және Айқындық Капитандары

Ұлы драматург биыл 150-ге толды. Бұл датаға орай мемлекеттік театрлар Антон Палычтың пьесаларын қоюға міндет көріп, «Шие бағы», «Шағала», «Үш апалы-сіңлілі» сынды қойылымдарды ұсынды. Біздегі – «Шағала». Сюжетте әзіл болмаса да, автор оны комедия деп атаған, неге десеңіз, Чеховтың өзінен сұраңыз, ал біздікі тек болжау. Надандық, ақымақтық, маңғаздану мен жауапсыз махаббат, адасқан жандардың зары, суицид. Былай қарасаңыз, комедия ондай элементтерден тұрмайтын секілді. Трагедияның өзі – өкініш, аяныш пен ыза емес пе? Соған қарамастан, күзгі күндей жабырқаған, бақытқа орын таба алмаған комедия ғана нағыз үмітті сыйлай алады, - деп баяғы заманда, Чеховтан бұрын басқа драматургтар айтып өткен болатын. Ал орыс классигінің өзі бұл пьесадағы кейіпкерлерге аяушылық білдірместен, шымылдықтың әр жағ…

-6
0
1725

«Желтоқсан» қозғалысының белсенділері Козловқа жұмыртқа жаудырды

«Желтоқсан» қозғалысының белсенділері оппозициялық «Народовластие» («Халық билігі») блогының көшбасшыларына жұмыртқа лақтырып, баспасөз мәслихатын болдырмады, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі. Бұл оқиға бүгін, яғни,  сәрсенбі күні Ұлттық баспасөз клубында Қазақстан коммунистерінің бұрынғы хатшысы, әм құрметті көшбасшысы Серікболсын Әбділдин сөз сөйлеп отырған кезде көрініс тапты. «Желтоқсандықтардың» наразылық білдіруіне себеп болған жайт  С. Әбдилдин орыс тілінде сөйлеп, президенттіктен үміткер  адамның кім екендігін ашып бергендігінен басталған сияқты. Олар коммунистердің құрметті көшбашысының қазақша сөйлеуін талап етіп, ақыры, «көсемдердің» көлеңексі ұялаған қабырғаға жұмыртқа лақтырды. Ол аз болғандай, артынан іле-шала тағы екі адам орындарынан жұлынып тұрып төр…

0
1
1546

Козловқа кім дауыс береді екен?

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі В. Козлов алдағы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді.

Козлов казак еліне елбасы болу ушін КАЗАК ТІЛІН уйреніп жатыр екен …

0
0
508

Елімізде темекінің бағасы 1000 теңге болуы мүмкін

Салық салуға қатысты заңды Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады Өзгерістер мен толықтырулардың көптігі сондай, маңызды жоба атүсті қаралмауы үшін, алдағы үш жылдың бюджетіне байланысы жоқ тұстарын депутаттар алып тастады. Ең маңызды жаңалық – жеке бастың табыс салығы 2013 жылға дейін өзгеріссіз - 10 пайыз күйі қалады. Әйтпесе үкімет келесі жылдан бастап аталған салықты өсіруге ынталанған болатын. Ал депутаттар көтергісі келетін салықтың түрі - темекі өнімдеріне салынатын акциз. Елімізде 4 миллион адамның шылым тартатынын айтқан олар, халық денсаулығына төнген қауіптің бетін қайтаратын бір жол – темекінің бағасын өсіру екеніне күмәнданбайды. Үкімет, бұл пікірдің жаны бар екенін мойындағанмен, акцизді дәп қазір көтеруге құлықты емес. Біртіндеп және кезең-кезеңімен өзгертуды ұсынады…

0
0
955

Тарихи маңызы зор аймақ қырғыз жеріне өтіп кетті!

Қырғыз-қазақ шекарасында жер дауы туындады. Жамбыл облысына қарасты Қаракемер ауылында шекараны бөлу кезінде мың гектардан астам жер Қырғызстанға өтіп кеткен. Наразылыққа шыққан жергілікті халық бұған Оңтүстік аймақтық шекара қызметін айыптап отыр. Сондай-ақ Кенесары ханның әйгілі әрі соңғы рет соғысқан «Майтөбе майданы» аймағы да енді қырғыздарға тиесілі болып қалған.


0
1
448

Исламдық банктер жүйесі

Кіріспе Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда. Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды. Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық…

0
0
3542

Журналистиканың қоғамдағы рөлі

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді көрсетеді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасауымен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеген асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамының әлеуметтік институттарының бірі болып, саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам…

0
0
8067