Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәрістерге нақтылық

Желтоқсанның 2-сінде ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті.

Корея Үкіметі 23 қарашада Солтүстік Корея тарапынан болған әскери соққыға қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының нақты ұстанымын білдіруді сұрайды.
Желтоқсанның 2-сінде елордада жалғасып жатқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті.
Ағымдағы жылы 23 қараша күні Солтүстік Кореяның әскери күші Оңтүстік Кореяға оқ атқан. Осының салдарынан 4 адам мерт болды. Олардың екеуі - қарапайым халық өкілдері. Бұдан басқа жараланған азаматтар бар. «Бұл аса қатігез әрі заңсыз акт БҰҰ-ның Жарлығына, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара келісімге қайшы. Әлемдік қоғамдастық бұл жағдайға атүсті қарамай, Солтүстік Кореяны жауапкершілікке тартып, ондай әрекеттерге бармауға шақыруы тиіс. Корея Үкіметі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымынан осы жанжалға қатысты өзінің нақты ұстанымын білдіруді сұрайды», - деді Сунг-хван Ким.

Корея министрі хабарлағандай, жақында Солтүстік Корея өзінің уран байытуды қолға алғандығын және сол жерде 2 мың центрифугадан астам құрылғылардың бар екендігін мәлімдеді. «Бұл объектіде әскери мақсаттағы уран өндірілуі мүмкін. Біздіңше, ондай әрекеттер халықаралық қауіпсіздік талаптарына қайшы. Сондықтан біз алтыжақты келіссөздер басталғанша Солтүстік Кореяны қауіпсіздік шарттарын бұзбауға шақырамыз», - деп мәлім етті ол.

Әзиз ӘМІРЕ

0
0
577

Осы тақырып бойынша

Кәрістерге нақтылық - Yvision.kz