Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түйелер қалада тентіреп жүр

Қызылорда қаласының тұрғыны Елібай Жікібаев деген азамат қалада қаңғыбас түйелердің қаптап кеткенін дәлелдейтін суретті «закон.кз» сайтына жариялапты. Автордың айтуынша, қаңғыбас түйелер қаңғыбас қалалықтарды «майлы да жайлы» мекендерінен қуып шығып, қоқыс төгетін контейнердің аумағын мекен етіп алған.

Түйелерге ешкім жақындай алмайды. Тұрғындар дорбаға салып алған қоқыстарын әудем жерден лақтырып, баскетбол «ойнап» қайтады.

Ақырзаман болғанда түйенің құйырығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жетеді деуші еді. «Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан» өркешті жануарлар далада кімге өкпеледі екен? Әлде, сорасы көкке ұшқан сорлы Аралдың маңында жан-жануарға шынымен де тіршілік ету қиындап бара ма? Мүмкін, тападай тал түсте тас төбеден құлап жататын протондар сусыған құмның арасында түйе жейтін жантақ қалдырамаған шығар?

Қалай болғанда да қасиетті жануарлардың «қаңғыбастыққа» салынуы жақсы ырым емес.

Байжан ДУБАЙ

0
2
885

Осы тақырып бойынша

Түйелер қалада тентіреп жүр - Yvision.kz