Мазмұнға өту

Жаңа

Ел боламын десең есіміңді түзе!

Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сүйенсек, қаңтар мен тамыз айының аралығында елімізде 92,1 мың жаңа жанұя құрылып, 244292 нәресте дүниеге келіпті. Осы кезеңде дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең көп тараған есімдер - Ерасыл мен Аружан екен! Жалпы алғанда, Статистика агенттігі Қазақстандағы ең көп тараған есімдер туралы ақпаратты тұңғыш рет таратып отыр. Осы деректерге сенсек, еліміздегі ұл балалардың арасындағы ең көп таралған есімдер - Ерасыл, Диас және Нұрасыл болса, қыздардың рейтингісінде - Аружан, Кәусар және Аяулым деген есімдер оза шауып келеді. Осыған дейін Нұрсұлтан, Дінмұхамед деген есімдер кең тарап еді. Соған қарағанда қоғамда көзге көрінбес өзгерістер болып жатқандай... Жалпы қазақ халқы нәресетенің есімін ырымдап қоятыны белгілі. Мына есімдерге…

0
0
445

Түйелер қалада тентіреп жүр

Қызылорда қаласының тұрғыны Елібай Жікібаев деген азамат қалада қаңғыбас түйелердің қаптап кеткенін дәлелдейтін суретті «закон.кз» сайтына жариялапты. Автордың айтуынша, қаңғыбас түйелер қаңғыбас қалалықтарды «майлы да жайлы» мекендерінен қуып шығып, қоқыс төгетін контейнердің аумағын мекен етіп алған. Түйелерге ешкім жақындай алмайды. Тұрғындар дорбаға салып алған қоқыстарын әудем жерден лақтырып, баскетбол «ойнап» қайтады. Ақырзаман болғанда түйенің құйырығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жетеді деуші еді. «Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан» өркешті жануарлар далада кімге өкпеледі екен? Әлде, сорасы көкке ұшқан сорлы Аралдың маңында жан-жануарға шынымен де тіршілік ету қиындап бара ма? Мүмкін, тападай тал түсте тас төбеден құлап жататын протондар сусыған құмның арасында түйе жейтін жан…

0
2
887

Шүкір Шахайдың суреттері

Бұл біздің жиырма жыл бұрынғы халіміз. Шынайы бейнеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Тоқсаныншы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс. Тек экономикада ғана емес шығар... Сол жылдардағы дүкен аталуының қаңырап қалғаны, бір уыс ақшаға бір қап ұн табылмайтын жылдар. «Жеңгем тоңазытқышы толмай қалып, ағамды сол костюммен тағы көрген» уақыт. Елдің есінде қалған ереулі жылдар. Одан бері де жиырма жыл өтіпті. Не өзгерді? Сол кезеңнен алыстап кете алдық па?.. Мүмкін...

0
0
1031

Әскерден қашатындар онсыз да аз емес еді

Үкіметтің қаулысымен Қазақстанда әскери міндетін өтеуден босатылатын мамандықтардың тізімі ұлғайтылды. Негізінен көмір, металлургия, тау-кен, мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өндірісі, ғарыш саласы, атом энергиясы, теңіз флоты, азаматтық авиация мен темір жол тасымалы саласында жұмыс істейтіндер әскер міндет өтеуден босатылады.

Жаңа қаулы бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация, темір жол тасымалы салалары бойынша бұрынғы 10 мамандық енді 34-ке жетті.

Байжан ДУБАЙ

0
0
879

Телеөнімдердің теріс әсері

Әр елдің болашағын халқының бүгінгі әл-ауқатымен, яғни әлеуметтік  жағдайымен тығыз байланыстыра отырып болжауға болатын шығар.  Қалай десек те, бүгінгі таңда мемлекеттің өркендеп алға шығуы, халқының өсіп-өнуі де азаматтарының экономикалық сауаты, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейімен көрініс таппақ. Оның үстіне постмодернизм тұсында  адамдардың ақыл-ой еркіндігіне, сөз бостандығына кең өріс ашылатындықтан, ғылымның алдыңғы қатарға шығуы, «сапалы адам» идеясының өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс болса керек. Осы орайда, қанша жерден айтыла-айтыла жауыр болуға айналды десек те, М.Әуезовтің  «Ел боламын  десең,бесігіңді  түзе!» дегенін еріксіз қайталауға тура келеді.  Бүгінде  ол  нақылды  нақышына  қарай «...экраныңды түзе» д…

0
2
1628

Менің елім, менің елім...

Может быть уже повтор и многие уже видели этот ролик (тв не смотрю), но я не смог удержаться. Аж до мурашек проняло. Если можете воздержаться и не хаить, то очень прошу.

Спасибо Ерлану Тажибаеву за ссылку.

Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жаңа жыл деген мереке бар. Оны бәріңіз білесіз.  Осы бір   мереке желтоқсан тақала бере қала мен далада  "шыт көйлегін киініп" шыршаланып шыға келеді. Қазақ билігі де жаңа жыл дейтін мерекенің тарихына үңілуді бір сәтке ойлаған емес. Ойлағаны былай тұрсын, қаперіне де кіріп шықпайды. Керісінше, тойдан құр қалардай әкім-қаралар білек сыбанып кірісіп кетеді. Ал, Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні шыршаның шалғайында қалып келеді. Билігі былқ етпесе де, қазақ үшін қасиетті ай саналатын желтоқсандағы аса мәртебелі ұлттық мерекеміздің алдын  жаңа жылдың орап кете беретініне қазақ қоғамының іштей қарсылығы күшейіп келеді. Қоғамның талабы - басты талап. Міне, биыл да үлкенді-кішілі ұлықтар шыршалардың шамын жа…

1
0
1899

Мінеки, қазақтың батырлары!

Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен 16-шы жазғы Азия ойындарының нәтижесі бойынша қазақ спортсмендері 7 алтын, 14 күміс, 26 қола медальге ие болды! Нобайы, қазақ атлеттері еліміздің қоржынына 47 жүлде түсіріп, командалық есепте жетінші орынды иеленіп отыр! Еліміздің спорт жанкүйерлерін ұлттық құраманың табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз! 16-шы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тізімі № Аты-жөні Спорт түрі Салмақтық категориясы / дисциплинасы Облысы Алған орны 1 Дришлюк Юлия Беляева Галина Байбуосынова Зәуреш Оқпен ату 25 м пистолет Кереку ОҚО ОҚО 1 орын 2 Манеза Майя Ауыр атлетика 63 кг Алматы 1 орын 3 Ильин Илья Ауыр Атлетика 94 кг Қызылорда 1 орын 4 Подобедова Светлана Ауыр атлетика 75 кг Алматы 1 орын 5 Терешкова Ольга Жеңіл атлетика 400 м ОҚО 1 орын 6 Тінәлиев…

0
2
1533

Экологиялық қасіреттен қайтсек құтыламыз?

Екібастұз өндірістердің ошағы болып табылғандықтан экологиялық жағдайы күн өткен сайын нашарлап барады. “Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды” демекші, МАЭС-1, МАЭС-2 станцияларына, “Жылуорталығына”, кеніштерге түтін тұтқыш қондырғы орнатамыз деп жүргенде, лас ауамен өсіп-жетілген алдыңғы буын да орта жасқа жетті. Өндіріс басшыларына түтін тұтқыш орнатқаннан гөрі ауаны ластағаны үшін айыппұл төлеу анағұрлым жеңіл тиетінін бүгінде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Еліміз өркендеп, қоғамға заманауи технологиялар енгізілсе де, Екібастұздың экологиялық жағдайы сол баяғы күйінде. “Жылу орталығының” мұржасынан будақтаған түтін аздай, қала сыртындағы кен үйінділерінің өртенуі де ауаны ластап болды. Ілгеріде бықсып жанып жатқан кен үйінділеріндегі өртті өшірумен арнайы орындар ай…

0
0
3520

OSCE Summit in Astana: Елім үшін ризамын!

Осы жылдың (2010) желтоқсан айының 1-2 жұлдызында еліміздің бас ордасы Астана қаласында ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының Саммиті өтеді. Саммит барысында жаһандық  деңгейдегі қауіпсіздік қатерлеріне төтеп беру жодары ізделініп, қарастырылады. Ал мұндай іс тек ынтымақтастық пен бірлік арқылы ғана жүзеге аса алады. Мұндай әлемдік көлемдегі жиылыс елімізде алғаш рет болайын деп отыр. Елордамыздың халықаралық әуежайы бір күнде 70 шақты ұшақты қарсы алады. Қаламыз әлемнің түкпір-түкпірінен шетелден келген қонақтарды қарсы алуға бар күшін салып, құшағын жайып дайын отыр. Бұл маңызы зор оқиғаны сәтті өткерсек, мемлекетіміздің имиджі жағымды жағынан  көрінетініне, Қазақстан деген елдің қандай мықты да, қонақжай, бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан мемлекет екеніне басқа елдердің көзі же…

0
0
619