Мазмұнға өту

Жаңа

Кітаб жазсам ба? деген бір ой мазалауда!

Шыны керек осыдан бір апта бұрын, қайдан ғана пайда болғанын білмеймін, бірақ, Кітаб жазсам ба деген ой мазалаумен болды! Жазбас бұрын "менің кітабым кімге керек? ол өз оқырманын табады ма? жоқ түкке тұрғысыз қиал-ойлардың жиынтығы болып қала береді ме?"-деген ойлар да туындады. Соған қарамастан қолыма қара "клавиатураны" алып, ақ "мониторға", "Шынайы махаббат" атты ойдан шыққан оқиғамды тере бастадым! Енді ары қарай жалғастырудың мәні бар ма, жоқ па билмеймін! сондықтан күллі қазақ халқынан ӨТІНІШ - төменде жазылған оқиғаның бас жағын оқып көріп, өз пікірлеріңізді айтсаңыздар! Рахмет! Шынайы Махаббат Аса үлкен қызығушылықпен Алтынай қымбат шетелдік киімдер сататын дүкендерді алыстан көз жүгіртіп, қарап жүрді. Дүкеннің ішіне кіріп, киіп көруге қалтасы котермегендіктен, үлкен айнаның арғы…

0
0
576

Желтоқсан күресі жалғаса береді

Желтоқсан «бейбіт шеру ме?», «көтеріліс пе?», «оқиға ма?»  Осы сауал Тәуелсіздік пен Желтоқсанның  жылдар қойнауында кетіп бара жатқан дүбірлі күндері таяған сайын алдымыздан шығып отыратын бар. Біздің білетініміз, жастар алаңға алдымен шеру тартып барған. Сол заманның ең жалынды ұрандарын транспаранттарға жазып алған қазақтың ұл-қызы ұлттық талап-мүдденің табан астында тапталып жатқанын да ашық көрсете білген. Сондықтан желтоқсаншылардың алғашқы беталысынан бейбіт шеруді көреміз. Олар митингке де  «мінәйі»  себеппен («Әр ұлтқа өзінің жетекші тұлғасы басшы болуға тиіс!» деген сияқты) жиналғанға ұқсайды. Бейбіт шеру түс ауа стихиялы қозғалысқа, наразылыққа, қарсылыққа ұласады.  Наразылық пен қимылдың артынан кәдімгі көтеріліс бұрқ ете қалады. Демек, Желтоқсан шеруш…

0
0
396

Қайсар қызы сен қазақтың!

«... Менің түсінігімше, ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдар да ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал біз бәріміз аң емес, адамзаттың ұлы - адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш парвосы жоқ» деп жазады Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өзінің түрмеден елге аманат етіп айтқан сөздерінің бірінде. Дәл сол күнге дейін қазақ қоғамына әйел теңдігін әперген Советтер Одағы болып дәріптеліп келген еді.  Бәрі де өтірік екен. Бәрі де отардағы елді тұқыртып, тұзақтап ұстаудың амалы екен. Шындықтың беті ашылды.  Бірақ, біз Тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүре отырып Желтоқсан ақиқатын жете танып біттік дей аламыз ба? Бұл көтеріліс әлі де зерттелуі керек, бүгінгі жас ұрпақтың рухымен үндесіп қатар өмір сүруі керек. Тіпті,…

0
5
856

WikiLeaks-тағы шындық шымбайға батты

Интернетті ермек еткен жанның бәрін соңғы аптада елең еткізген жайттың бірі WikiLeaks сайтында жарияланған дипломаттардың құпия ақпараттары мен содан туындаған оқиғалар тізбегі болды. WikiLeaks-та жұртқа жария болған дипломаттардың ішкі хат-хабарларында көптеген елдердің басшыларының аты аталып, әжуаға да айналған. Әсіресе Қытай мен Ресейдің басшыларына қатысты тұстары әлемді елең еткізді. «Альфа-еркек» атанған Путин шарт кетіп, «ынжық» деп ишарат етілген Медведев мөңкіп алды. Путин досының сойылын соғып Уго Чавес жүр шапқылап. Тіпті, біздің премьер-министрдің де қоластындағыларды ертіп дискотекаға барғаны айтылып өткен. WikiLeaks-тың әуресі алдымен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды шаршататын болды. Ол алдағы бірнеше апта бойы ондаған мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы т…

0
0
813

Қазақтың бірінші президенті Әлихан Бөкейханов үкіметінің құрылғанына 93 жыл толады

Алдағы дүйсенбі - желтоқсанның 13-і күні Орынборда құрылған Алашорда ұлттық үкіметіне 93 жыл толады. 1917 жылғы желтоқсанның 5-13 аралығында өткен Екінші қазақ-қырғыз құрылтайында ұлттық үкіметтің төрағасы, яғни қазіргі тілмен айтсақ, президенті болып Әлихан Бөкейхан сайланған еді. «Өткен 27-інші декәбірде Луи Пастердың туылғанына жүз жыл болды. Пастер 28-інші сен­тебірде 1895 жылы өлді, 73 жасында. Пас­тер орыста Лев Николаевиш Толстой сияқты адам баласына көп қызметін жұмса­ған кісі», - дей келе, Әлихан Бөкей­хан: «Евро­паның газет, журналдары Пастер­дің туғанына жүз жыл толды деп, мұның кім екенін оқытушыла­рының есіне салды. Европада бұл бір жақсы әдет. Біз Европаның жақсы жолын қолданбақ болып, оқушыларды Пастермен таныс­тыр­мақпыз», - деген екен. Бізде шама-шарқымызша «Ев­ро­­паның…

0
0
2531

Емшектер тақырыбы

Ювиде жалаңаш қыздарды түсіретін біраз фотограф бар екен. Негізі, мен ондай өнерді түсінбеймін. Оның бір мен білмейтін сұлулығы бар шығар (ендіш, әйел сұлу болмағанда, кім сұлу )))). Әлдеқандай сұраныс та бар шығар, әсіресе әпшуімен ойнайтын жігіттер риза болу керек )))

Мейлі, не де болса, сол өнерпаздарға ақ жол тілеймін :)

0
6
1929

Темекі мен арақ қымбаттайды

Елімізде темекі өнімдеріне салынатын салықтың мөлшері артатын болды. Енді мың дана темекіге салынатын акциздік алымдар 1,5 мың теңгеге дейін жететін болады. Бұл туралы «Қазақстан Респуликасындағы салық салу мәселері жөіндегі заңнамалық актілерге кейбір түзетулер мен өзгерістер енгізу» туралы заң жобасында айтылған. Әрине, салық бірден өспейді. Үш жылдың ішінде біртіндеп енгізу жоспарланған. Мәселен, мың дана фильтрлі сигарет үшін 2011 жылы акциз мың теңге болса, 2012 жылы 1250, 2013 жылы 1550  теңге болады. Бүгінгі күні елімізде темекі өнімдеріне салынатын салық кірістің 13 пайызынан аспайды. Қазақстан 2004 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы конвенциясына қосылған. Жаңа заң 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаман әдеттерге жақын жүретін ағай…

0
1
1684

Айдос Сарым. «2010 жылдың сөздігінен»: Е-үкімет...

Тілтануда «саясат тілі», «баспасөз тілі» деген ұғымдар бар. Бұлар, қарап отырсақ, заманның ағысына қарай тез өзгеріп отыратын құбылыстар. Кезінде «ауатком», «обком» деген сөздер екінің бірінің аузынан түспейтін. Кеңестік жүйе құрыған бойдан бұл сөздер мен тіркестер де соларды нақыштайтын, айқындайтын ұғымдар мен құбылыстар да ғайып болды. Жаңа заманның жаңа түсініктер мен қатынастарды туғызатыны заңдылық. Олардың біразы тілге, дүниетанымға әсер етеді. Біразы тағы да жоғалады. Бүгінгі күні де саясаткерлеріміз бен журналистеріміздің аузынан түспейтін, кең тараған сөздер жоқ емес. Әрине, олардың көбісі бұрыннан белгілі, айналымға енген. Алайда, саясаттың ағысына қарай, саясаткерлердің сайысына орай кейбір сөздер мен тіркестер тым жиі пайдаланып кететін кездер болады. Оның үстіне үкіметтің жұ…

0
0
662

Алаш ұлдары Алматты қолдайды!

Қазақстанның патриот жастары Лондонда ағылшын соты 200 сағат қоғамдық жұмыс істеп, үй тұтқынына алынып әрі 835 фунт стерлинг төлеуге үкім шығарған Алмат Самировты қолдау акциясын өткізіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Алмат Самиров Лондонда оқып жатқан қазақ жастарының бірі. 23-қараша күні ол барда белгісіз біреулермен төбелесіп қалады. Жас жігіттің ағылшындарға жұдырық ала жүгіруіне себеп болған жайт – «Борат» фильмімен сусындап өскен ағылшын бозбалаларының Қазақстанды қорлай сөйлеуі еді. Алматты жаладан арашалуға құрылған қозғалыс мүшелерінің айтуынша, олар жерлестерінің ішімдік ішіп алып төбелес ұйымдастырғанын қолдап отырған жоқ. Бірақ, Англияның заңнамасын ескеру кереу дейді. Яғни, Еуропадағы ең заңы қатал елдердің бірі саналатын тұманды Альбионда мас…

0
0
663

Полицияны жетегіне алған «жеңгетай»

Шуы көп Шымкентте полиция кезекті рет айықпас дауға қалып отыр. Дау емес-ау, жегі құрттай жайылқан жемқорлықтың жетегінде кеткен құқық қорғаушылар адам өлтіргендерге «араша» түсіп масқара болып жатыр. Мәселенің мәні мынадай. Сарыағашта қылмыскерлер 15 жасар қызды зорлап, қинап өлтіріп кеткен. Оның мәйітін туысқандары арықтан тауып алды. Бойжеткен жоғалып кеткен күні-ақ туыстары қызды белгісіз жаққа ертіп кеткен адамдарды полицияға өздері ұстап әкеліп берген. Олар Бахтияр атты жігіт пен Фируза атты жеңгетай келіншек екен. Қыздың туыстары тіпті күдіктілер полицияға кінәларын мойындағанын айтады. Алайда, «жеңгетай» келіншек құқық қорғаушылар өзін жібермейтін болса қай жерде қанша қызды олардың астына салып бергенін жайып саламын деп қорқытқан. Осыдан кейін полиция оны бостандыққа жібереді. Т…

0
0
759