Екібастұздықтардың Қазақ КВН-індегі кезекті жеңістері
Екібастұздықтардың Қазақ КВН-індегі кезекті жеңістері 1. «Біз-Қазақпыз!» «Республикалық Орталық Лиганың» жартылай финалында! «Біз-Қазақпыз!» КВН командасы (Екібастұз қалалық Қ.Пішенбаев атындағы №18 кәсіптік лицейі) өз жанкүйерлеріне кезекті рет қуаныш сыйлады. Сәуірдің 15-жұлдызында Семей қаласында «Республикалық Орталық Лигасының» «Шығыс» тобында ойнайтын КВН командалары арасында ¼ финал (ширек финал) ойындары болып өтті. Ойынға бүкіл республикамыздың Шиелі, Қызылорда, Кереку(бұрынғы Павлодар), Шымкент, Тараз, Өскемен, Екібастұз қалаларынан 13 команда қатысты. Осылардан 10 команда жартылай финалға жолдама алды. Таңдаулы 10 команданың арасында әмбебап әзілдерімен жиылған әлеуметтің таңдайын қақтырған «Біз-Қазақпыз!» күлдірмендері де бар. «Қазақстан КВН Одағының» көшбасшысы Есен Елеукен ө…