Мазмұнға өту

Жаңа

Тәуелсіздік мерекесін төрт күн тойлаймыз

Тәуелсіздік күніне орай елімізде 4 күн демалыс жарияланады.  Яғни, 16-17 желтоқсан күндері жұмыс күні болмайды. Ар жағында сенбі-жексенбі заңды демалыс. Сөйтіп, қазақстандықтар төрт күн бойы той тойлайтын болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес еліміздің егемендігі туралы заң қабылдаған болатын. Қазақстан ең соңғы болып (тіпті Ресейден кейін) бұрынғы Кеңес Одағының  құрамынан шықты. Желтоқсан қазақ үшін қасиетті ай. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Алматыда ереуілге шығып, талай жас қыршынынан қиылып, қудалауға ұшырады. Желтоқсан көтерілісі Одақ құрамында болған өзге елдердің де егемендік туралы терең ойланып, тәуелсіздікке ұмытылуына түрткі болды. Сондықтан Желтоқсан оқиғасымен Тәуелсіздік күнінің сәйкес келуі бір жағынан заңды. Қазақтың тойшыл халық екені белгілі. Б…

1
0
2049

Туымыздың түсі қандай: көк пе, көгілдір ме?

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні таяп келеді. Мұндай кездері бүкіл Алаш жұртының көңіл-күйін өзгеше сезім, мөлдір ойлар мекендейтіні анық. Әсіресе, еліміздің мемлекеттік рәміздері әр қаламыздың көшелерінен, мемлекеттік мекемелердің көзге көрінетін тұстарынан таза да сәнді, асқақ та айбынды қалпында ілініп тұрса, кісі көңілін шаттық кернейтіні өзінен өзі түсінікті. Өкініштісі, Тәуелсіздік мерекесін жылдағы әдетіміз бойынша, жаңа жылдың тасасында қалдырып келеміз. Христианша жыл санауды ұлықтауда алдымызға жан салмаймыз. Биыл тіпті әлемде бірінші болып жаңа жылдық шыршаны жақтық. Бұл енді қанша айтқанмен, қайыры жоқ шаруа. Айтпағымыз, осындай кездері аспан түстес Көк Туды көрген сайын түрлі ойға батасың. Кеудеңді кернеген мақтаныш сезімі көгінде Қыраны қалықтаған, алтын Күні нұры…

0
2
5567

Азаматтық журналистика

Азаматтық журналистика - ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматық журналистика - БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. 2003 жылы атты мақалада Джей Ди Лассика азаматтық журналистикадағы БАҚ-ты осылайша сараптайды: 1) аудиторияның қатысуы (мысалы,интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары); 2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар; 3) жаңалық жариялайтын сайттардың әлемтор (интернет) пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру; 4) жеке сайттар; Осылайша біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта бейне, аудио, мәтін өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп…

0
0
2219

Ұлы Отан соғысы

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орысша: Вели́кая Оте́чественная война́, ағылшынша: Great Patriotic War, немісше: Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майд…

1
8
5502

Екінші дүниежүзілік соғыс

Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (…

0
0
54285

Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған…

0
1
113254

Жеті жылдық соғыс

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да…

0
1
2448

Саммит: саяси емес сықақ

Премьера!

ӨКІНІШ..

(бір актілі трагикомедия)

ЕҚЫҰ Саммитіне Обама келмей қалды...

ӘКЕМТЕАТРДЫҢ кіші залында. Басталуы түнгі сағат 3.00-де. Кіру тегін. Режиссері: Ата Баев. Басты рольде: Ата Баев

0
0
241

Кәрістерге нақтылық

Желтоқсанның 2-сінде ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Корея Үкіметі 23 қарашада Солтүстік Корея тарапынан болған әскери соққыға қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының нақты ұстанымын білдіруді сұрайды. Желтоқсанның 2-сінде елордада жалғасып жатқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Ағымдағы жылы 23 қараша күні Солтүстік Кореяның әскери күші Оңтүстік Кореяға оқ атқан. Осының салдарынан 4 адам мерт болды. Олардың екеуі - қарапайым халық өкілдері. Бұдан басқа жараланған азаматтар бар. «Бұл аса қатігез әрі заңсыз акт БҰҰ-ның Жарлығына, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара келісімге қайшы. Әлемдік қоғамдастық бұл жағдайға атүсті қарамай, Солтүстік Кореяны жауапкерш…

0
0
593

Латын әліпбиіне көшу қажет пе?

Адам баласы осыдан бес мың жыл бұрын жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіре бастаған. Жазу құралдары мен материалдары ұқсас болмаса да, олардың озық арманы бүгінгі күнге келгенде құнды мұра ретінде мұражайларда сақталуда. Ал қазақ ұлты да ұзақ тарихи көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде неше түрлі жазу үлгісіне ауыстық. Бүгінде "Латын әліпбиіне көшу керек пе?" деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденеңдеп шықты. Осыған орай, көпшілік арасында түрлі пікір орын алуда. Бірі - қазіргі кириллицада қалу. Енді бірі - латын әліпбиіне көшу. Екі пікірдегі адамдардың да өзіндік дәлелі, негізі, уәжі бар. Десе де, мен өз басым латын әліпбиіне көшуді жақтайтындардың бірімін. Барлап қарасақ, қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Д…

1
1
8864