Мазмұнға өту
a_bahyt

a_bahyt

Сайтта 2010 ж. 17 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Қазақша КВН өркендеуде!

Қазақша КВН аяқ басып, шарықтап келе жатқанына әжептәуір уақыт болып қалды. Жылдан-жылға өркендеп, қоғамда биік орынға ие болып келе жатыр. Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша жалпы сексеннен астам командалар бар. Әр команда бір-бірлерінен өзіндік ерекшеліктерімен бөлінеді. Біздің облысымызда Қазақша КВН-ның өткізілу әдістері де жандана түсуде десек те болады. Оған дәлел осыдан екі жыл бұрын тамыз айында екінші мәрте «Жасыбай толқынында» фестиваль өткізілген болатын. Аталмыш фестиваль республикалық деңгейде өткізілді. «Жасыбай толқыны 2009» фестивалінде Қазақстанның бес облысынан командалар бас қосты. Бас жүлдені Тараз қаласынан келген «Тараз 2000» командасы ұтып алды. Сонымен қатар ойында тағы да астаналықтар мен Батыс Қазақстаннан ақтөбеліктер бақтарын сынаған болатын. Ал біздің павло…

0
0
851

Мені мазалаған сұрақ

Ала берсем, қалтама сала берсем парасатты ұрпақ емес, пәрменсіз парақорларды тәрбиелеудеміз. Арнасынан асып ағатын тасқын суды бөгеген сайын басқа арна тауып ағатыны секілді, бүгінде жемқорлықты да ауыздықтаған сайын ірілі-ұсақты арнасы көбейіп, сай-саланы жалмап барады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жемқорлық етек алған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығының көш басында білім саласы тұр. Осыған қарап «білімді ұрпақтың орнына – дәрменсіз, білікті маманның орнына – пәрменсіз парақор азаматтар мен азаматшаларды даярлап жатқан жоқпыз ба?» деген ойға қаласың. Біздің қоғамда «барлық мәселені ақшамен шешуге болады» деген қағиданы ұстанатын адамдар жетерлік. Өкінішке қарай, мұны өздерінің өмірлік ұстанымы етіп алған студенттер көбейіп бара жатқан сияқты. Бұлай айтпасқа амал жоқ. Себебі…

0
0
1114

Қазақ тілді сайттарымыз аз

Университетте оқытушылар тапсырма берсе, студенттердің жартысынан көп бөлігі интернетке жүгіретіні анық. Бұл студенттің кітап бетін ашуға ерінгендігі емес, ол техниканың заманауилығынан. Интернетте қазақша ақпарат бар ма, жоқ па деп ойланбастан жүгіреміз. Бірақ, іздегенімізді әрқашан таба алмаймыз. Мемлекеттік тілде шығарылатын басылымдар саны мен қазақ тіліндегі сайттар қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі деп айтсақ та болады. Бүгінде студентке мемлекеттік тілімізде ақпарат іздеп табу қиын болып тұр. Әсіресе жатақханада тұратын студенттерге ауырға соғады. Қалада тұратын студенттер өз үйлерінде немесе туыстарында күні-түні компьютер алдында отырса да, тауып алу мүмкіндігі көбірек. Ал жатақхана студенттері деректерді немесе керекті ақпараттарды тауып алғанша қаншама ақшаларын интерне…

0
0
456

Қазақстандықтарға жат мереке

Осы мәселе қанша рет айтылып, жазылып келе жатса да, әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл мерекені колледждерде, мектептерде, университетте тойлау дәстүрге айналғаны рас.   Сонымен қатар оқушыларға ақыл айтып, жөн сілтейтін ұстаздарымызда өкінішке орай бұл мерекені атап өтуде. Бұның несі жақсы дейсіз? Ал енді «Әулие Валентин» күнінің тарихына көз жүгіртсек, б.з.д. 269 жылы 14 ақпанда бұрынғы римдіктердің Гелосий Луперкалий күні «Әулие Валентин» күні болып өзгертілді. Валентин – орта ғасырда Дания елінде өмір сүрген әулие адам болған. Ол жастар арасында өзінің ағартушылық жұмысын насихаттады. Жастарды еш құпиясыз некелестіріп, олардың туыстарының қарсыласуына қарамастан ғашықтардың басын қосудан бас тартпаған. Осындай іс-әрекеттері сол кездегі император Клавдий ІІ-нің заңдылық…

0
1
583

Ресейден көшірілген телебағдарламалар артуда

Бірер жыл бұрын Ресейде "Жди меня", "Модный приговор", "Федеральный судья" т.б. көптеген телебағдарламалардың, сонымен қатар "Две звезды" атты думанды жобаның дуы бізге де келіп жетті. Жалпы Ресей елінің қай бастамасы болмасын, ерте ме, кеш пе, біздің елге ауысатыны әдетке айналып барады. Әйтеуір Ресейден көшірілген телебағдарламалардың отандық телеарналардағы үлес салмағының аз емес екені анық. Оған өздеріңіз куә болған шығарсыздар! Жалпы осындай қайталамаларды жеке басым дұрыс деп санамаймын. Неге десеңіз? Өзге елдің бағдарламаларын қайталаумен еліміздің даңқы артпасы хақ. Сондықтан қандай бағдарламаларымыз болмасын ұлттық нақышта болғаны жөн!

0
0
731

Тәрбие басы - тал бесік

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жетерлік. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастыратын, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипатын айқындала түседі. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, Шыншыл, әділетті, иманды болу, сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Бұрынғы  ата-бабаларымыз ұлттық салт-дәстүрімізді мықтап ұстауын талап еткен. Ал қазіргі тәрбиеміз бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда…

0
1
65783

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Биыл 16 желтоқсан күні тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның үлкен жетістігі екені бәрімізге мәлім. Әрине егемендігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыздың, батыр да, батыл да қыз-жігіттеріміздің арқасында осы күнге жеттік. Еліміз әрі қарай көркейіп, дамып оған қоса әлі де талай жетістіктерге жете берсін. Тәуелсіздіктің әрбір ақ таңы игі істерге толы болсын!!!

0
0
1225