Google-дың жаңа браузері
Бәріне сәлем! Сіздермен бір жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Google Inc. корпорациясы Google Chrome уеб-шолғышының (браузер) Chrome 9 нұсқасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұған дейін тестік режимде тексеріліп келген жаңа Хром енді сіз үшін де қолжетімді болды. Броузердің ең басты үш ерекшелі бар. Олар: WebGL технологиясы, Chrome Instant функциясы, Chrome Web Store қосымшалар топтамасы. WebGL технологиясы аппратты-үдетілген 3D графикаларды (3D суреттер) уеб-шолғышыңызда ешқандай қосымша плагиннің көмегенсіз-ақ көруге мүмкіндік береді. Chrome Instant функциясы уеб-шолғыштың сайт адресін (URL) жазатын жолағында қажетті сайттың URL-ін жазып жатқанда оған дейін көп пайдаланылған сайтыңыз болса, бірден сол сайттың URL-ін көрсетіп тұрады. Егер бір емес бірнеше сайт болса, олардың барлығын көрсетеді…
