Имансыз адам иттен төмен
Құда-құдағайына Парижден плащь, Дубайдан дубленка, Бомбейден бөрік кигізіп, Қазақстанға көрік бергізіп жүрген көкелеріме «Құдай үшін зекет бермейсің бе?» десең «ақша жоқ» деп зар еңірейді. Қазір екінің бірі сауданы үйіріп алып кеткен кезең. Ақшасы жетіп тұрғандар Алла Тағаланың парыз еткен зекетін тиісті орындарына бермесе, жиналып бірақ берілмеген зекеттер есесіне мақтаншақтық рия желімен шайтан фирмасындағы «ысырап» банкісіне ауып кетеді де, пайыз филиалымен өздеріне кері келіп, күнәһәрлік шеңберде шырайналумен күй кештіреді. 10 мың долларға тойхана жалдап «ол қайта арзанға түскені» деп мақтанып жатса, шетелдерден әншілер жалдап жатса, бір-бірлеріне қымбат шетел көліктерін, қымбат пәтерлер, демалып келуге саяжай, жағалауларға жолдама сыйлап жатса, сөйтіп адамдар бәсеке…