Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ болсаң бұл күнді ұмыт

Бiз қазақпыз ғашық болған Баянға,

Ей, жастарым, елiң үшiн аянба!

Fашық болсаң Валентин деп бәлсінбей,

Қалқаман мен Мамыр жайлы баянда!

Бiз қазақпыз ғашық болған Жiбекке,

Еңлiктi айт ынтық болған Кебекке,

Қазағымның өз тарихы тұрғанда,

Өзге ұлттың Валентинi керек пе?

(Агенттен алынды)


Ермек ҚАРАБАЛА.

0
1
564

хадистер - (Риязус-салихин кітабынан)

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: Уа, Аллаһтың елшісі! Біз (әйелдер қауымы) Аллаһ жолындағы күресті амалдардың ең абзалы деп білеміз. Олай болса, біз де Аллаһ жолындағы күреске қатыспаймыз ба?  дедім. Сонда Ол (с.ғ.с.): Сендер үшін ең абзал жихад  қабыл болған мінсіз қажылық  деп айтты»  деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: Уа, Аллаһтың елшісі! Біз (әйелдер қауымы) Аллаһ жолындағы күресті амалдардың ең абзалы деп білеміз. Олай болса, біз де Аллаһ жолындағы күреске қатыспаймыз ба?  дедім. Сонда Ол (с.ғ.с.): Сендер үшін ең абзал жихад  қабыл болған мінсіз қажылық  деп айтты»  деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

0
0
560

www.7kun.kz - Новая Интернет газета. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазақ тілді ғаламтор басылымдардың қатары тағы бір қазақ тілді интернет-газетпен толықты. Бүгін www.7kun.kz деп аталатын жаңа интернет-басылым іске қосылды. Ғаламтор басылымның бас редакторы Ербол Албанның айтуынша, басылымды ашу интернет саласының қажеттілігіне орай туындаған. «Қазіргі таңда әлемде интернеттену үрдісі қатты қарқынмен жүргізілуде. Бұл үрдістен Қазақстан да қалып отырған жоқ. Елімізде жыл санап ғаламтор пайдаланушылардың саны артып отыр. Мысалы, 2010 жылдың соңында 4,3 млн. адамды немесе еліміздің тұрғындарының 26,5 пайызын құрады. Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының басым бөлігінің интернетке қосыла алмай отырғандығын, болашақта олардың қосылу мүмкіндігін ескерсек, алдағы уақытта оны пайдаланушылар саны артады. Сондықтан инте…

0
0
1108

хадистер - (Риязус-салихин кітабынан)

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Қиямет күні Аллаһтың құлы амалдарының ішінен ең алғаш намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі қабылдыққа жазылған болса, жақсылыққа кенеліп, көздеген мақсатына жетеді. Ал, егер намаздары нашар әрі жарамсыз болып шықса, дегеніне жете алмай қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары кем-кетіктері болып жатса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: Құлымның кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар деп бұйырады. Содан кейінгі амалдары да дәл солай қаралады деп айтты» деген. 


0
0
516

Мырзатай Жолдасбеков: «Елбасының емтихан тапсыруы ерекше болды»

-Ассалаумағалейкум, аға! -Уағалейкум. -Абай.кз ақпараттық порталынан хабарласып тұрмыз ғой. -Иә, иә. -Бұған дейін мемлекеттік тілден сынақ тапсырған президенттіктен үміткерлерге қарағанда, президент Н.Назарбаев сынақты қандай дәрежеде тапсырып өтті. Соны өз аузыңыздан білейік деп едік. -Ең бірішіден, президент конститутцияның алдында да, тіл мәртебесінің алдында да Қазақстанның басқа азаматтары сияқты, президенттіктен үміткерлер секілді бірдей екенін тағы да дәлелдеді. Контитутцияны, заңды сыйлайтынын айқын дәлелдеді. Келіп емтихан тапсырды. Өзге тапсырғандар секілді үш сұрақтан, үш түрлі сынақтың деңгейінен өтті. Бірінші, жазба жұмысы. Жазба жұмысында өзі таңдап алған конверттегі сұрағы «Әлем және Қазақстан» болды. Ал енді президент Назарбаев Қазақстанды әлемге танытып, таңғалдырып, оны…

0
1
1210

ARTA Tablet планшеттік компьютері

ARTA Tablet планшеттік компьютері
2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады. Осыған орай  елордада Қазақстанда жасалған алғашқы планшеттің таныстырылымы өтті.

0
0
464

ARTA Tablet планшеттік компьютері

2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады. Осыған орай бүгін елордада Қазақстанда жасалған алғашқы планшеттің таныстырылымы өтті. «ARTA» планшет шығаратын 4 компанияның бірі. Біз дизайнын жасап, өзіміміздің операциялық жүйемізді құрдық. Таяу үш ай аралығында өзіміздің негізгі өнімдерімізді планшетке енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның басты ерекшелігі IPad-пен бәсекелес болу емес. Өйткені IPad жеке пайдалану және көңіл көтеруге арналған болса, бұл өнім қажетті ақпарат әрқашан қолыңда болуы, яғни жұмыс үшін арналған», - дейді аталған компанияның бас директоры Болат Башеев. Оның атап өтуінше, компания планшеттің дизайны мен сызбасын әзірлеп, Ресей мен Қытай зауыттарына тапсырыс береді. Содан кейін ғана өнімді елімізде құрастырып, оған өз…

0
4
409