Мазмұнға өту

Жаңа

« Қайырымды 30 игі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, « Қайырымды 30 игі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығы, Жаркент жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің ерікті жастарының ұйымдастыруымен, Жаркент қаласы Ыбраймолдаев көшесі №53 үйдің тұрғыны жалғызбасты Аріпжанова Қанипа апамыздың қыстық отынын тасып, ауласын тазалап көмек көрсетілді.

#Ардагерлердіардақтайық

#30игііс

0
0
152

Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу жолында сарп қылған қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.

0
0
252

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Қырыққұдық ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың ерлігі жайында танымдық сағатын ұсынды.

#Ұлттықмұра

0
0
185

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Айдарлы ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен,

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың

175 жылдығына орай өткізілген

Жыр алыбы Жамбыл атты әдебй жыр сағаты онлайн шарасын ұсынды.

#Ұлттықмұра

0
0
209

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2 іс-шара ұйымдастырылып 11 адамға көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Д.Рақышұлы мектебінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2 іс-шара ұйымдастырылып 30 адамның қатысуымен 11 адамға көмек көрсетілді. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында барлық 2 іс-шара әлеуметтік желілерге жарияланды.

«Баланы мектепке даярлайық» акциясын ұйымдастыру барысында «Талды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі және ауыл азаматтарының көмегімен 10 балаға мектепке керекті заттарын табыстады.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, Үлкенағаш ауылдық округінің тұрғыны Мамутова Гүлбостанның үйіне барып ауыл еріктілерінің қолдауымен , үйінің сыртын қырып, сылап көмек жасап қайтты.

#Бақыттыотбасы

0
0
179

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

28.09.2021 жылы «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңестің төрағасы Ахметқалиев Құрманжан Әубекұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе 1. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының» орындалуы туралы есебі тыңдалды. 2. «Сарыбел» бастауыш партия ұйымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Баяндамашыларға атқарылып жатқан жұмыстарына байланысты тиісті сұрақтар қойылып ұсыныстар берілді.

0
0
181

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелеріне ауылдық әкімдік мекемелерге пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Панфилов аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Нуптибеков Мурат Әлтайұлы, аталған мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргіз…

0
0
333

«Кедергісіз келешек», «Қайырымды 30 игі іс», партиялық жобалары аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Қайырымды 30 игі іс», партиялық жобалары аясында, облыстық мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы күні кеше үйі өртеніп толықтай жанып кеткен Жаркент қаласының тұрғыны 3 баланың анасы Шайгүл есімді азаматшаға көмек жасады. Қуанышқа орай қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабарды ести салысымен дереу осы отбасыға көмек жасады. Олар жаңа үйлеріне таяу жылдары ғана кірген екен. Бұл әрине өте өкінішті жағдай. Бірақ ең бастысы, отбасы мүшелерінің амандығы.

Электр қуаты арқылы шыққан тілсіз жау үйді түгелдей дерлік жалмаған. Осыған орай, Шайгүл есімді азаматшаға 100000 теңге қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ үйдің терезелерін (жалпы саны 5 терезе) орнататын болады.

Жақынымызға жәрдемші болайық!

#Кедергісізкелешек

#30игііс

0
0
232

“Ардагерлерді ардақтайық”, партиялық жобасы аясында

" Nur Otan " партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және аудандық мәслихат депутаты Досмаилов Қанат Нүркешұлы және облыстық мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және “Ардагерлерді ардақтайық”, партиялық жобасы аясында ақын, әнші, композитор Жандарбек Әкімбекұлы Бегімбетовтың анасы Шәкен Бегімбетовамен «Канвассинг кездесу» өткізді. Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған Панфилов аудандық Сайлауалды алды бағдарламасы аясында көзделген жұмыстар, ел тәуелсізідгінің мән-маңызы мен 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігі жайлы да айтып өтті.Жеке мәселелері бойыншада жауап берілді.

0
0
238

Партиялық бақылау комиссиясының жоспарға сәйкес кезекті отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28-інші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының жоспарға сәйкес кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралып тиісінше шешім қабылданып, баяндамалары назарға алындып, қаулы қабылданды.

#Партиялықбақылаукомиссиясы

#NurOtan2021

0
0
205