Мазмұнға өту

Жаңа

Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Аширов Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Мавдашев Олег Жаркент қаласының тұрғыны жалғыз басты қарт, от жағу маусымы келуі бойынша, қатты отынмен көмектесуін сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде қатты отынмен көмек көрсетті. Қабылдауға жазылған азамат өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
174

Ағыбаева Құрбан анамызға әлеуметтік көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Иманханов Куат Маметайұлы «Бақытты отбасы», партиялық жобасы аясында, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға азық-түлік және ақшалай көмек көрсетті. Атап айтсақ, Жаркент қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Ағыбаева Құрбан анамызға әлеуметтік көмек көрсетіп, Құрбан анамыз өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

#Бақыттыотбасы

0
0
183

ҰСТАЗДАР қауымының кәсіби мерекесіне орай

Білім жолында еңбек етіп жүрген, шәкірттері биікке жетіп жүрген ҰСТАЗДАР қауымының кәсіби мерекесіне орай " Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы, Аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы және " Nur Otan " партиясы Панфилов аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы ауданымыздағы 14-округ бойынша 14 -ұлағатты Ұстазды Алғыс Хатпен марапаттады .

#ұстазмерейіелмерейі 📷

#ұстаз_ұлы_есім

0
0
175

"Абай аманаты" атты көрме өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылының кітапханасында кітапханашы С.Саршаеваның ұйымдастыруымен "Абай аманаты" атты көрме өткізілді.

#Ұлттықмұра

0
0
179

" Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен " Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.Және " Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары" атты тақырыпта тарихи сағат өткізілді.Мақсаты : оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зи…

0
0
369

Ауыл ақсақалдарына сый-сияпатын табыстады.

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының «Пенжім» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» жобасы аясында, жанары көрмесе де жүрегі көретін ақжаулықты ата-апаларымызды құттықтап, хал-жағдайын біліп, сырласып, сый-сияпатын табыстады. Қиындық келсе де жасымай қарсы тұра білген ата-апаларымыз, қазіргі таңда бала-шаға, немерелері арасында отбасының ұйытқысы болып отыр. Разы болған ата-апаларымыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
198

Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

Аудандық мәслихат депутаты Аширов Ахметжан Абдуруслович "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Жамбыл атындағы орта мектебінің фудбол үйірмесінің оқытушы жаттықтырушысы С.С. Қоқаби "мектепке жол" акциясы бойынша мектеп спорт алаңына екі фудбол қақпасы мен мектеп оқушы балалардың оқу жаттығу, дене тәрбиесі сабақтарына киетін накидкаға қаржылай көмек сұрады. Қабылдау нәтижесінде 280 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Қабылдауға жазылған азамат өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
175

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы, және «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РҚБ Панфилов аудандық филиалының төрағасы Керімқұлов Тохтарбай Әкімұлы, «Жаскент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сарпек Мухатархан Құмарбекұлы Қарттар күніне орай және «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» партиялық жобасы аясында, ауыл ақсақалы ардагер ұстаз, ауданның құрметті азаматы Ушпаев Сағымбек атамызға барып, хал-жағдайын біліп, сырласып, сый-сияпатын беріп қайтты. Қиындық келсе де жасымай қарсы тұра білген атамыз, қазіргі таңда бала-шаға, немерелері арасында отбасының ұйытқысы болып отыр. Разы болған атамыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
202

Ардагерлер ұйымының төрағасы Керімқұлов Тоқтарбай Әкімұлымен кездесу жиналысы өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы Қоңырөлең ауылдық мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Керімқұлов Тоқтарбай Әкімұлымен кездесу жиналысы өткізілді. Жалпы кездесуге округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағалары, билер кеңесінің мүшелері, аналар кеңесінің төрайымдары, қоғамдастық жиын мүшелері, мешіт қауымы, мекеме басшылары мен шаруақожалық төрағалары қатысты. Кездесу жиынында ардагерлерге қатысты мәселелер қозғалып, алдағы уақыттарда қай бағыттарда жұмыс жүргізілетіндігі туралы баяндалды. Осымен бірге, бірнеше азаматтардан ұсыныстар айтылып және алғыс хаттар табыстады.

#Ардагерлердіардақтайық

0
0
173

« Қайырымды 30 игі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, « Қайырымды 30 игі іс», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығы, Жаркент жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің ерікті жастарының ұйымдастыруымен, Жаркент қаласы Ыбраймолдаев көшесі №53 үйдің тұрғыны жалғызбасты Аріпжанова Қанипа апамыздың қыстық отынын тасып, ауласын тазалап көмек көрсетілді.

#Ардагерлердіардақтайық

#30игііс

0
0
149