«Кедергісіз келешек», «Қайырымды 30 игі іс», партиялық жобалары аясында
«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Қайырымды 30 игі іс», партиялық жобалары аясында, облыстық мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы күні кеше үйі өртеніп толықтай жанып кеткен Жаркент қаласының тұрғыны 3 баланың анасы Шайгүл есімді азаматшаға көмек жасады. Қуанышқа орай қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Хабарды ести салысымен дереу осы отбасыға көмек жасады. Олар жаңа үйлеріне таяу жылдары ғана кірген екен. Бұл әрине өте өкінішті жағдай. Бірақ ең бастысы, отбасы мүшелерінің амандығы.
Электр қуаты арқылы шыққан тілсіз жау үйді түгелдей дерлік жалмаған. Осыған орай, Шайгүл есімді азаматшаға 100000 теңге қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ үйдің терезелерін (жалпы саны 5 терезе) орнататын болады.
Жақынымызға жәрдемші болайық!
#Кедергісізкелешек
#30игііс
