Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу жолында сарп қылған қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз! - Yvision.kz