Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелеріне ауылдық әкімдік мекемелерге пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Панфилов аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Нуптибеков Мурат Әлтайұлы, аталған мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#Кедергісізкелешек

0
0
288

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында - Yvision.kz