Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

28.09.2021 жылы «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңестің төрағасы Ахметқалиев Құрманжан Әубекұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе 1. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің «Қазақстан Республикасындағы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасының» орындалуы туралы есебі тыңдалды. 2. «Сарыбел» бастауыш партия ұйымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Баяндамашыларға атқарылып жатқан жұмыстарына байланысты тиісті сұрақтар қойылып ұсыныстар берілді.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. - Yvision.kz