Мазмұнға өту

Жаңа

(100 хадис кітабынан)

Дүниеқұмар және мансапқұмар адамның дініне келтіретін зияны, қойға шапқан қос қасқырдың тигізген кесірінен әлдеқайда қауіпті болады.

(Тирмизи риуаят еткен)

 
Фәни дүниенің мүмкіндіктері* тұрғысынан өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға көз салыңдар. Өйткені бұл  сендерді Аллаһтың берген нығметтерін азырқанып, қанағат тұтпаудан сақтайды.

* Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен, білім және т.б.
(Муслим риуаят еткен)

0
0
616

Екі тілдегі жазбалар - Записи на двух языках.

Менің жеке блогымдағы жазбаларда екі тілде жазбалар жарияланып жүргеніне кейбір оқырмандар тарапынан түсінбестік болғанын байқадым. Сол оқырмандардың тікелей айтуға немесе осы тақырыпқа жазба арнауға уақыты болмай жүрген болу керек деп ойлаймын. Интернетте неге екі тілде жазбалар жариялап жүргенім туралы жазуды жөн көрдім. Блог жазбаларын бастаған уақытымда тек қана қазақша жазбалар жариялауға ниеттеніп, қазақша жазуға бастадым. Уақыт өте келе, блогтағы жазбаларды оқитындарға екі тілде жазылған жазбалардың қызықты, маңызды болғанына көз жеткіздім. Тіпті, жеке өзіме емес, кейбір оқырмандарға қазақша, кейбіріне ресми тілдегі жазбамен айтқаныңды жеткізу тиімді әдіс екенін тәжірибе дәлелдеді. Әрі күнделікті өмірде көпшілігіміздің екі тілде сөйлеп жүргеніміз белгілі жағдай. Қазіргі уақытта сая…

Жалқау болып барамын

 Шынында, жалқау болып барамын. Жұмыста отырмын. Бірақ жұмыс істеуге зауқым жоқ.
   Толстойдың жас адамның жан тыныштығын іздегенін айыптайтын сөздері бар еді. ("Чтобы жить честно, надо рваться, путаться, биться, ошибаться... а спокойствие - душевная подлость")
    Жап-жас болып жан тыныштығын іздеу, еріну, жалқаулыққа салыну, сірә, жақсылыққа апармайды. Адам біржола өзінің адамдық қалпын жоғалтады.
Мұндайда не істеген жөн? Қандай кеңес бересіздер?
0
1
547

Қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз ?

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Асқар Қуанышұлы! Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандарға таралу жолдары күн өткен сайын қиындап барады. Басылымдарды тарату мен сату жүйесі жекеменшік кәсіпкерлердің қолында. Олардың көпшілігі қазақ тіліндегі басылымды сатқаннан гөрі, Ресейдің жеңіл-желпі басылымдарын сатқанды тиімді санайды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында: «2020 жылға дейін қазақ тілін білетіндердің саны 95% құрауы тиіс» деген болатын. КазПресс дүңгіршектеріне барсаңыз, қазақ тіліндегі газет-журнал жоқтың қасы. Олар қазақ тіліндегі басылымдарды сату тиімсіз деп есептейді. Өз дүңгіршектеріне қою үшін қосымша ақы сұрайды, ал ол өз кезегінде бағаны қымбаттатуға апарады. Басылымға сұраныс бар, сату жүйесі алғысы келмейді. Аты «КазПресс» - іші Орыс Пр…

Берік Уәлиге сұрақ қой!

Қымбатты оқырман! Осы апта бойы танымал журналист Берік Уәлиге www.qazaq.kz сайты арқылы өздеріңізді толғандырар сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Берік Уәли, «Хабар» арнасының «Үкімет пен әлеумет» бағдарламасының тележүргізушісі Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 ж. Ұлттық Өнер Академиясын “Кино және ТВ” факультетін “кинотанушы-редактор” мамандығы бойынша игеріп шықты. 2005 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдаған. «Хабардағы» еңбек өтілі – 4 жыл. Телевидениедегі алғашқы баспалдағы – 1997ж. “Таң” телекомпаниясындағы «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының репортеры қызметінен басталған. Бос уақытында футбол ойнап, атқа мініп, табиғат аясында серуендегенді жақсы көреді. Абайдың қара сөздерін оқып, «Қазақфильм»н киност…

0
1
853

Іске сәт! Асырап алынған шимпанзе

Маймылға деген махаббат – бұл сезім зообақ қызметкері Шолпан Әбдібековада ерекше дамыған. Осыдан алты ай бұрын дүние есігін ашқан Томи есімді шимпанзені баурына басқан Шолпан қазір зообақта өмір сүріп жатыр. Томидің туған анасы қайтыс болғаннан кейін осы маймыл үшін ол 3 ай алып үйде де отырды. Шимпанзенің баласын бағудың ерекшеліктері жайлы келесі сюжетте.

0
0
276

Тісті дұрыс қалай күту керек?

Тістерді дұрыс қалай күту керек? Сапалы тіс пастасын сауатты таңдау жолы? Тістің 3 негізгі жауымен қалай күресу керек? Голливудша жымию үшін құрамында қандай ингредиенттер бар тіс пастасын таңдауған жөн? Жауапты ұсынылып отырған бейнесюжеттен таба аласыз.

0
0
1326