Мазмұнға өту

Жаңа

GeoGebra қазақшаланды

Сәлем достар! Ұзақ үнсіздіктен соң, мұндағы қазақ блогшыларының белсенділігін көру мақсатымен neweurasia.net сайтындағы жазбаның бірін көшіріп жариялап отырмын. Наурыз айында ұйымдастырылған Блог құрылтай қазақ тілінде тың жобалардың дамуына серпін берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған жастар екі күн бойы тәжірибе алмасып, өздерінің үздік жобаларын бәйгеге қосқан еді. "Үздік жобалар" байқауының жеңімпазы атанған "ГеоГебра" ресурсының авторы, Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі Талғат Байназаров GSM Kazakhstan компаниясы атаған 100 мың теңгелік грантқа ие болған. Арада санаулы ай өткеніне қарамастан Талғаттың ГеоГебра жобасы жаңа белеске көтерілді. Талғат ГеоГебра бағдарламасын толықтай қазақ тіліне аударып, арнайы лицензиясын иеленді. Өз блог…

1
2
2879

Қатардағы жауынгер

Қатардағы солдат командирінен "Әйелім босануы керек еді" деп, демалысқа сұранып кетеді. Штабқа қайта оралған солдаттан командирі:
- Ал қалай, әйелің ұл босанды ма әлде қыз ба? - деп сұраса, солдат:
- Ол енді тоғыз айдан кейін белгілі болады, жолдас командир, - деген екен.

0
0
1148

Ей, өмір (М.Макатаев)

Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Мені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың ба?

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірім, қиындаған?

Сыйынмаған,

Ей, өмір, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған

0
0
8913

ІСКЕ СӘТ! "Жерұйық" фильмі

Бүгін Алматыда танымал қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» драмасының тұсаукесер рәсімі өтеді, ал ертеңнен бастап фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильм өткен ғасырдың 30-жылдарындағы жұт кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы, елге ағылып келген өзге ұлт өкілдерінің қоныс аударуын сипаттайды.

0
0
327

Студенттердің жұмыспен қамтылу деңгейі қандай?

Қазіргі күні түлектердің жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс таппауының себебі неде? Оқуын үздік тамамдаған студенттердің қаншасы күзет, қарапайым администратор жұмыстарын атқарып жүр? Не себепті түлектерімізге жұмыс тауып бере алмаймыз? Алматыда қазір ең керекті үш мамандық қандай? «Танысы бардың шансы бар» қағидасының орнауына не себеп? Осы сұрақтардың барлғына жауапты «Азамат» бағдарламасынан таба аласыз. Бүгінгі тақырып: «Студенттердің жұмыспен қамтылу деңгейі қандай?» Студия қонақтары: Қошанова Ләззат Төлегенқызы – Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Кәмшат Мәтібаева – Қазақстандағы «АНКОР» компаниясының кадр бойынша жетекшісі Тойбаев Әділет Жүнісович – ҚазҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент…

0
2
444