ІСКЕ СӘТ! Қажымұқан Мұңайтпасовқа - 140 жыл
Биыл Қажымұқан Мұңайтпасовтың туылғанына 140 жыл толады. Осыған орай жақында "күш атасы" туралы тағы бір кітап жарыққа шықты. Бұл еңбектің алдыңғыларынан ерекшелігі - кітапта даңқты балуанға қатысты жарық көрмеген деректер қамтылған. Мысалы, балуанның үстіңгі ернінің ұзындығы 10 см болған екен.
