Мазмұнға өту

Жаңа

Қадір түні және Марс

Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн - Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді: «Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады». Осы орайда өздеріңізбен Қарағанды орталық мешітінің сайтынан алынған мына бір мәліметпен бөліскім келеді: Бисмилләһир Рахманир Рахим1. «Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік». Бұл аятта айтылып жатқан Құранның түсірілуі Лаухул Махфуздан бұл дүние аспанына түсірілуі. Бұл мағына Ибн Аббас р.а-дан риуаят етілген. Міне осы оқиға Қадыр түнінде болғандығы осы аят ашық білдіріп тұр.Құран бұл дүние ас…

0
7
3163

Облыстық жаңалықтар

Қоңыр әулиенің төрінде Шығыс Қазақстан облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" үңгіріне екі күндік "Туған жер - қасиетті мекенім" атты саяхат ұйымдастырылды. Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі туризм саласы екені сөзсіз. Ұлан-байтақ қазақ жерінің туристік тұрғыдан орманды даласы да, таулы-тасты өңірі де тартымды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" өңірін көзбен көріп, көңілін бірлеп қайтуға құштар жандар саны жыл санап артып келе жатыр. Киелі тау бөктері адам жанын рухани тазартып, ағзаға күш беретін қасиеттерге ие. Сол жердегі бұлақтың суы да көптеген ауруларға емдік қасиеті жоғары екендігін білеміз. Осындай "дертке дауа-жанға шипа" болатын қасиетті мекенге…

8
0
1020

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ 1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бекітілді. Бүгінде құрамында 7 мүшесі бар кеңестің төрағасы И.И. Рогов. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы бойынша: 1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: 1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi; 2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды. 2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың…

1
0
522

Стив орынтағынан кетті

Бүгінгі күннің мен үшін басты жаңалығы ол - Эпплдің (Apple) бастығы Стив Джобстың (Steve Jobs) орнын тапсыруы болды. "MacWorld" журналының мәліметіне қарағанда (ағылш), кеше, тамыздың 24-і күні ол Apple қызметкерлеріне арнап өзінің жолдамасын жариялаған. Apple Директорлар кеңесі мен Apple жұртшылығына: Осы уақытқа дейін мен егер өз қызметімді дұрыс атқара алмаған жағдайда бұл туралы ең алғашқы болып өзім құлағдар ететінімді үнемі айтып жүрген болатынмын. Өкінішке қарай, сол күн де келді. Осы хатты өздеріңізге жолдай отырып, өзімнің Apple Атқарушы директоры қызметімнен кететінімді хабарлаймын. Егер Директорлар кеңесі мақұл көрсе, онда мен өзімді сол Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде және сол бұрынғыша Apple-дің қарапайым жұмысшысы ретінде көргім келеді. Ал өзімнің орныма Тим Кукты (Ti…

0
1
549

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АБАЙ ЖЫЛЫ

АБАЙ

1995 жыл қазақтың ұлы ақыны Абай жылы болып белгіленді. Философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сөздері, өлеңдері мен аудармаларының негізгі мәнін тереңінен түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халық тағдыры мен арманын ұғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді, кешегі мен бүгінді, болашағымызды айқындай аламыз. Сондықтан бұл жылдың Абай мұраларын насихаттаудағы орны ерекше болды.

1
0
899

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ Президенттің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленіп, Президенттік биліктің рәміздері бекітілді. Қазақстан Республикасының Президентi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңының6-бабының, 1-тармағы бойынша: «Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады». Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. Ол мемлекеттік тумен түстес көгілдір түсті, тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәй…

1
0
2195

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИКҰ 1995 жылдың 12 желтоқсанында Гвинея астанасы Конакри қаласында өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді. 1969 жылдың 25 қыркүйегінде Рабат қаласында өткен мұсылман елдері басшыларының Конференциясында әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы ислам ынтымақтастығы колониализм, неоколониализм және расизмге қарсы күрес жүргізетін ұйымның қажеттілігі туралы баяндалды. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде өзінің мол қызметін атқарған Қазақстан 57 мемлекетті біріктірген бұл ұйымның осы жылғы төрағасы жылдарында мұсылмандардың ресми халықаралық ұйымының жұмысын жандандыра түсетініне сеніміміз мол. Ресей, Босния және Герцеговина, Орталық Африка Республикасы, Таиланд, Солтүстік Кипрдың Түркиялық Республикасы секілді ба…

1
0
846

Қазақша Wikipedia-ға үлес қос!!!

Құрметті достар, қазір Қазақ Wikipedia-сының белсенді жұмыс жасап жатқанын білеміз. Қазақ тілі әлем тілдерінің ішінде мақалалар саны бойынша 42 орынға көтеріліп, мақалалар саны 75 мыңнан асты. Бұл жетістіктерімізді жыл сайын өтетін Wikimania-да ескеріліп, Қазақ Wikipedia-сы осы жылдың үздігі деген мәртебеге ие болды. Ана тіліміздің қолданысқа ие болуына ықпал ететін жобаға сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз! Wikipedia жайында толық білгіңіз келсе, онда сізді  ТАМЫЗДЫҢ 26 Жазушылар одағының(Абылайхан мен Төле би көшелерінің қиылысында) екінші қабатында өтетін семинар-тренингке шақырамыз. Есік кез-келген адамға ашық.

P.S. Келем деушілердің нақты санын білу мақсатында, келесі почталарға жазылуларыңызды сұраймыз: [email protected], [email protected], [email protected]

0
3
837