Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АБАЙ ЖЫЛЫ

АБАЙ

1995 жыл қазақтың ұлы ақыны Абай жылы болып белгіленді. Философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сөздері, өлеңдері мен аудармаларының негізгі мәнін тереңінен түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халық тағдыры мен арманын ұғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді, кешегі мен бүгінді, болашағымызды айқындай аламыз. Сондықтан бұл жылдың Абай мұраларын насихаттаудағы орны ерекше болды.

1
0
899

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПРЕЗИДЕНТ АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ Президенттің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленіп, Президенттік биліктің рәміздері бекітілді. Қазақстан Республикасының Президентi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңының6-бабының, 1-тармағы бойынша: «Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады». Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. Ол мемлекеттік тумен түстес көгілдір түсті, тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәй…

1
0
2195

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИКҰ 1995 жылдың 12 желтоқсанында Гвинея астанасы Конакри қаласында өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді. 1969 жылдың 25 қыркүйегінде Рабат қаласында өткен мұсылман елдері басшыларының Конференциясында әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы ислам ынтымақтастығы колониализм, неоколониализм және расизмге қарсы күрес жүргізетін ұйымның қажеттілігі туралы баяндалды. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде өзінің мол қызметін атқарған Қазақстан 57 мемлекетті біріктірген бұл ұйымның осы жылғы төрағасы жылдарында мұсылмандардың ресми халықаралық ұйымының жұмысын жандандыра түсетініне сеніміміз мол. Ресей, Босния және Герцеговина, Орталық Африка Республикасы, Таиланд, Солтүстік Кипрдың Түркиялық Республикасы секілді ба…

1
0
846

Қазақша Wikipedia-ға үлес қос!!!

Құрметті достар, қазір Қазақ Wikipedia-сының белсенді жұмыс жасап жатқанын білеміз. Қазақ тілі әлем тілдерінің ішінде мақалалар саны бойынша 42 орынға көтеріліп, мақалалар саны 75 мыңнан асты. Бұл жетістіктерімізді жыл сайын өтетін Wikimania-да ескеріліп, Қазақ Wikipedia-сы осы жылдың үздігі деген мәртебеге ие болды. Ана тіліміздің қолданысқа ие болуына ықпал ететін жобаға сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз! Wikipedia жайында толық білгіңіз келсе, онда сізді  ТАМЫЗДЫҢ 26 Жазушылар одағының(Абылайхан мен Төле би көшелерінің қиылысында) екінші қабатында өтетін семинар-тренингке шақырамыз. Есік кез-келген адамға ашық.

P.S. Келем деушілердің нақты санын білу мақсатында, келесі почталарға жазылуларыңызды сұраймыз: [email protected], [email protected], [email protected]

0
3
838

@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей... Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday. Қазақта тәп-тәуір мақал бар. (Қазақта тәуір мақал көп негізі...) Соның бірі: "Мақтаған қыз тойда оc..ады" деп келеді. "Не боп қалды тағы?" дейсіздер ғой? Болғаны сол, кешегі сәрсенбіде @anatili жаңа бастама көтеріп, #kzday ілмегіне төрттаған құрастырғандар…

0
7
981

Саясат туралы көп айтпайтынымды білесің ғой

Құрдас, Айдос Сарымның мақаласына қалдырылған пікірлерге қарап 20 жылда ұлттың қадірін түсінбегендер мында өріп жүргенін аңғаруға болады. (Егер бүгін көңіл-күйің болмай отырса, ашып оқымай-ақ қой) Меніңше, 20 жылдың ішінде өзінің болашағын қай елмен байланыстыратын уақыт келіп жеткен сияқты. Мына жерге келіп, шикілік шығарғаннан басқа бітіріп жатқандары шамалы. Мүмкін адамзатқа бір түйір пайда келтіріп жатқан шығар, Аллаһқа мәлім! Негізі менің саясат туралы көп әңгіме қозғамайтынымды жақсы білесің ғой. Түсінбеймін. Мемлекеттің құрып жатқан саясатына қарсы шығуы түсінікті. Әркімнің өз көзқарасы бар. Бірақ сонша қоқысты ішіне жиып, оны мында бүріп шашқаннан не ұтады? Елдің болашағын ойласа, айбайлап сөйлемейді ме екен... Өзіне не керегін әлі күнге дейін білмейтін кішкентай бала сияқты. Бола…

0
2
512

"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен... Бұл мақаланың басы, яғни "Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын. Өздеріңіз білесіздер НЛП деген дүние бар. Яғни "Нейро лингвистикалық программалау" деген сөз. Бұл ақпарат…

0
4
2531

Қазақ прозасының бүгінгі күні

Бүгінгі күні қазақ әдебиеті, соның ішінде қазақ прозасы жоқ дейтіндер көбейді. Өзі ізденбеген адамға бәрі жоқ болып көрінеді. Осындай ойды қайдан алатыны белгісіз, бірақ әдебиет тек ұлт жоғалғанда ғана жоғалады деп нақты айта аламыз.

0
1
302