Мазмұнға өту
kerbez_

Айжан Карибаева

@kerbez_

Сайтта 2011 ж. 26 тамызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

12

пікірлер

351

тіркелуші

41

жазылымдар

2

Астанадан сәлем немесе видеоблог #6

Сәлем, достар! Алдарыңызға кезекті видеоблогымызды ұсынамыз. Осы жолы Астанаға барған сапарымды пайдаланып, сіздерге қызықты видеоблог дайындауға тырыстым.

Әрдайым белсенді жастардың игі істерін көрсетуге тырысатынымызды білесіздер. Сол себепті бұл видеоның мақсаты - Астана жастарының да белсенділігін көрсету. Нәтижесінде көңілді де қызықты видео болып шыққан тәрізді, тамашалайық!

- Астана белсенді жастарының шаралары

- Құқық бұзушылық статистикасы

- Жарқын Түсіпбекұлы

- Жақау

- Ибрагим Ескендір

Видео операторы және монтаждаушы: Сардор Салиходжаев

P.S видео жасауға көмектескен барлық адамдарға (өздері біледі) рахмет:)

Пианист алғысы - журналист қуанышы

"Айжан рахмет, ата-анаммен көріп, мәз болдық!" - осындай сөздерді естігенде, қалайша мәз болмайсың?!) Иә, журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой... (әрине бұл жерде менің асыра сілтеушілігім байқалады). Өмірде барлық қызмет түрлеріне тек осындай алғыстармен төлесең ғой, шіркін! Бүкіл әлем қызғылт (розовый) түске боялып кететін шығар, ондайда. Алайда менің айтайын дегенім ол емес. Сіздерді пианист, белсенді қоғам мүшесі және де жай ғана көркімен айналасын жарқыратып жүрген жас қыз Алма Мұқанмен таныстыру. Музыканы, оның ішінде гүрс-гүрс еткен рок емес, әсем де әсерлі классикалық музыканы өмірінің ажырамас бөлігі ретінде көретін Алманың бойында жігер де, қайсар да бар. Әрине, күн сайынғы 5-6 сағат бойғы фортепиано жаттығулары мен сансыз ноталарды жатта…

5
4
843

Менің бір күнім

Маған бүкіл қала әлі де тәтті ұйқыда жатқанда, күн нұры көрінбеген кезде ерте ояну ұнайды. 6-7 лердің кезінде терезені айқара ашып, суық ауамен құшырлана дем алсаң, бірден бойың сергіп қалады. Айналаң тып-тыныш, жан адам көрінбейтін бұл мезгілде тек алыста машиналардың зуылдап бара жатқан даусы естіледі. Мұндайда сұрғылт аспанға, алдымдағы көп пәтерлі қабатты үйдің шатырына, араның ұяшығындай орналасқан терезелерге қарап тұру ұнайды. Біраздан соң әр үйдің шатыр-шатырларын жалынымен жалап күн де шығады. Алғашқы күн сәулесіне шомылу қандай керемет десеңші... Әдеттегідей құлағыма ұялы телефонның құлаққабын салып, сергек музыкаға ере күндізгі тіршілік қамына еніп кетемін. Жылы індерінің арасынан ақырындап басқа үй мүшелері де жыбырлай бастайды. Жуынып-шайынып жүргенше, олардың әрқайсысы өзінш…

2
1
6523

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды. Әсемдікті көзіммен көріп, тірідей тыңдағым келді. Алайда әдеттегідей алдыма мақсат қойып, оны wish-listіме жазбасам да, бірер айдан кейін Мадрид алаңдарындағы көше музыканттарының темпераментті мелодияларына құлағым қанығып жүрді. Ол әлі де бөлек әңгіме... Біздің қайта-қайта келіп "дескульпе сеньор" деп бастап бір жерді сұрағанымызға қандай адам болмасын бар жұмысын тастай салып, қайда кетіп ба…

1
1
603

Түнгі ойлар

Испаниямен 6 сағат айырмашылық. Әлі үйренісе алмай, барлығы ұйықтап қалғанда, түнгі үкілер сияқты жалғыз өзім тықырлап шай ішемін, киімдер реттеп, үй жинаймын. Әрине интернетте отырамын. Алайда түнгі 3.47-де достарымның көбісі тәтті ұйқыда, твиттердегі лентадан "Главное не бояться" фильміне берілген жақсы пікірден соң көрейін деп жүктеп қойдым. 2011 жылы түсірілген, басты рольде өзім жаман емес деп білетін Кейт Хадсон. Кино алдында аузымды жыбырлатып бір нәрсе жеп үйренген әдетім бойынша алдыма туған күнімнен қалған тәтті емес торт пен шай әкеліп алып көруге ыңғайландым... Жалпы фильм рак ауруына шалдыққан қыз бен оның сол оқиғадан алған сабақтары жайлы. Бірден айта салайын, қыз соңында қайтыс болады. Бірақ ол оған дейін шын ғашық болып, әкесін кешіріп, өмірдегі қорқынышынан айырылып үлгі…

3
0
1389

Өмір портреті

Бүгін қала сұр бояуға боялды. Өзінің ең қатал әрі сұрықсыз кейпіне енді. Қыздың көз жасындай ыстық емес, қытықсыз, қылаусыз жартастай болып жаратыла салған тәкаппардың суық жасындай болған сұр жаңбыр. Артынша табиғат өз балалары жасыл ағаш, шөпті еш аямай, түйдек-түйдек қарын боратты. Иә, өз ісіне берік табиғат қашанда бірқалыпты. Ешкімді сүймейді де, жек көрмейді де. Ешкімде шаруасы жоқ Қоңқай шал сияқты өз міндетін атқарады да қояды. Өзгенің мақтауын да, даттауын да күтпейді. Өзгеріссіз... Бұдан неше мың жыл бұрын жауған жаңбыр – сол жаңбыр, жапалақтаған қар – сол қар. Тек тықпыршыған адам жаны ғана тыным тапқан емес. Әйнекке ұрылған шыбындай ол бұл өмірмен күреседі, ақиқатын дәлелдейді, өзінің маңызын көрсетуге тырысады. Тек меңіреу табиғатқа бәрібір. Ол ойын соңы немен аяқталатынын бі…

1
2
1370

"Джейн Эйр" әлде "Бір күн"?

Осы аптадағы көрермендер асыға күтіп жүрген романтикалық киноның бірі - режиссер Кэри Фукунаганың Шарлотта Бронте романы бойынша түсірілген "Джейн Эйр" драмасы. Романды оқымасам да, трейллеріне қызыққан мен бұл киноны көремін деп шештім. Алайда фильмнен шыққан соң, осыдан бір апта бұрын көрсетілген басқа бір романтикалық драма "Бір күнмен" салыстырмай қоя алмадым. Романтикалық туындылардың екеуі де әр түрлі. Алайда, екеуінің арасындағы ұқсастықтарды іздеп көрейік. Бір қызығы оқиға желісі екі фильмде де Англия төңірегінде өтеді. Тек бірі Англияның Викториан заманын, ескі, дәстүрлі Англияны көрсетсе, екіншісінде оқиға Единбургта 1988-жылдан басталады. Екі фильм де махаббат жайлы. Тек бірінде махаббат оқиғасы қайғылы аяқталса, қайсар қыз Джейн Эйр түп соңында өз сүйгеніне қосылады. Ал бұл ек…

0
3
1143