Мазмұнға өту
zhuldyzym

Жулдыз Слямбеккызы

@zhuldyzym

Сайтта 2011 ж. 2 қыркүйекКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылымдар

0

Таңертеңгі

Қайырлы таң! Сіз ерте тұруға қалайсыз? Мен бүгін таңғы сағат 6.00 кезінде қалада жүрдім. Таң қандай тамаша! Айнала тып- тыныш. Жолда көліктер әлі аз. Бірен- саран жұмысқа асығушылар болмаса, негізінен адамдар әлі ұйқыда. Ал ауаны айтсаңызшы! Дамылдап қалған таза ауа. Қалада өте сирек болатын жағдай. Тыныштық пен таза ауа... Мен өзіме бір алаңқай тауып алып, көгершіндердің арасында отырдым. Олар жерден бірдеңе тауып жеп жүр. Әттең, суретші емеспін. Сол сәтті әдемі пейзаж етіп қағаз бетіне түсірер ме еді? Менің ойыма бір жаңа өлең жолдары келді. Аяқтап жазған кезде толығымен сіздерге көрсетермін. Әзірше мынау бастапқы жолдары: Мен қазақтың әнін сүйем әуенді Жаймен келіп толтыратын әлемді. Буырқанып құйылатын төбеден, Шымырлатып санаңды да денеңді! Неге ән туралы дейсіз ғой? Таң ата көлікте…

0
0
821

Адамның бір қызығы бала деген...

Қайырлы күн! Кеше баламның туған күні болды. Анам айтатын еді, баланың туған күнінде анасын құттықтау керек деп. Ол да дұрыс шығар. Өйткені, ол күн тек менің есімде. Ұмытылмас бір күнім еді. Негізі қазақ тек мүшел жасын атайды екен бұрын. Қазір заман бөлек, жолдас- жоралар келген соң, өзімізше атап өттік. Бала- шағаның арасында ырду- дырдумен өтті. Бұл бала негізінен атасының баласы. Туғанда әкесі жолдасының атын қойып еді. Әлі күнге дейін басқа да жолдастарымыз сол үшін, қалжыңдап болса да, өкпелі. Бір жыл атасы мен апасының қолында болды. Сондағы менің сағынғанымды көрсеңіз... Аналар ғана мені түсінетін шығар. Сол бір сағынышта туған, ұлыма арнап жазған батамды ұсынам сіздерге. Бата Атың –Мырза, затың оған сай болсын, Мінгенің асау тай болсын. Қосағың сұлу ай болсын, Ұрпағың түгел бай б…

0
3
2984

Махаббат, қызық мол жылдар...

Айтқым келгені, махаббат деген өмірдің өзі ғой. Өміріміз махаббат пен сүйіспеншілікке толы болуға тиіс. "Махаббатсыз дүние бос" деген Абай. Ал Абаймен қалай келіспессіз? Менің өмірімді жарықтандырып тұрған үлкен махаббатым бар. Сол махаббатыма арнап жазған бойжеткен күнімдегі бір өлеңімді сіздерге оқытқым келді. Өлеңім жүректеріңізден үндестік тапса, пікірлеріңізбен бөлісерсіздер. Өлеңімнің көбісі сол өмірімнің көктемінде жазылған. Көзіңнен сүйдім Көзіңнен сүйдім... Сен енді мені ұмытпа, Жүректе жанған ғашықтық отын суытпа. Өзіңдей басқа жаны сұлу туып па? Сағынамын ғой, келе қоймасаң жуықта. Көзіңнен сүйдім, Алтыным, мені ұмытпа. Көзіңнен сүйдім Ол да бір маған жұбаныш. Көріспегенде неге біз жүдеп тұрамыз? Кездесер күнге бар көңілді бұрамыз Махаббат деген біресе шындық, бірде аңыз. Көзің…

0
1
2072

Қоғам және адам

"Сені не толғандырады" деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз? Мысалға, мені қоршаған ортаның ластану мәселесі, көп елдерде болып жатқан табиғи апаттар, соғыстар, терроризм, байлық пен кедейлік, яғни адамдардың әлеуметтік жағдайының тым әр түрлі болып бара жатқандығы, тағысын тағылар уайымдатады. Сізді де сол сұрақтар мазалайтын шығар деп ойлаймын. Сонда сіз бен біз не істеуіміз керек? Бар мәселені, әрине, жалғыз адам шешпейді. Ал "көппен көрген ұлы той" деп, әрқайсымыз басымызды мойнымызға тығып отырсақ, онда жағдай ұшыққан үстіне ұшығары анық. Сонда не істемек керек? Қалай жүріп жол табамыз? Меніңше, әр адам өзіне тиесілі істі тыңғылықты орындап, өз басына жауап беретін болса, қоғам тек іскер, жауапкершілікті адамдардан құралса, көп мәселе өздігінен жойылушы еді. Бірақ кілең бір ойлы ад…

0
4
8133

Әкеге арнап бір өлең

Армысыздар! Әңгімені әкемнің сөзінен бастайын. Ол кісі маған "өлеңді Мұқағали Мақатаев сияқты жазбаған соң, парақты бекер шимайламаған жөн" деп жиі айтады. Десе де, Мұқағали да бір күнде АҚЫН болып шыға келмеген шығар деп ойлаймын. Сондықтан өзімнің жүдеу қара өлеңімді сіздерге паш еткім келеді. Өлең де бір балаң сияқты- туған соң жарық көргісі келеді. Қабыл алыңыздар. Сөзді әкеден бастаған соң, сіздерге ұсынатыным- сол кісінің алпыс жас мерейтойына арнап жазған өлеңім. Әкемнің туылған күніне екі- үш күн қалғанда туып еді. Әкеме Менің әкем- намысшыл ер, жауынгер Әскерінде Бауыржандай батырдың. Менің әкем- сырласы да мұңдасы Жырды сүйген Мұқағали ақынның. Менің әкем- бабалардың баласы Елім дейтін, жерім дейтін жүрекпен. Менің әкем- елінің бір ағасы Ұстаздық қып тәлім берген түлекке. Менің…

0
3
5395