Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыдағы «базарларды» жаппақ!

Бұйырда қала әкімдігі Алматы шахарындағы көптеген базарлардың 50% -ын жабу жайлы шешім қабылдады. Бұзылатын базарлардың келісімді нормативтерге және қала құрылысының регламентіне сәйкес келмейді екен.
Алмалы, Алатау, Медеу, Әуезов, Түрксіб, Жетісу аудандарындагы жалпы айтқандағы жұмыс істеп жатырған 74 базардың 34-і жабылып, оның орнын сауда орталықтары алмақ.
Мұндай базарлар мамандардың пікірінше оңтүстік астананың кейпін бұзады деген тұжырымда. Осыдан келесідей сұрақтар туындайды –
Егерде каншама адамды асырап отырған базарларды жауып тастаса саудагерлер не істемек? Қайда бармақ? Сол базарлардың орнына сауда орталықтарын салса, ондағы бағаның құнына қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Сонда халықтың жағдайын үкімет ойламаса кім ойлайды?

0
0
270

Выпуск 19. Ілесбек Аманов, Есенғали Раушанов - Қасқалдақ

Посвящается 25-летию Декабрьского восстания 25 лет назад в Алматы произошло Декабрьское восстание, ставшее началом конца Советского Союза. Событие способствовало возрождению национального духа казахов и приблизило обретение независимости страны. В те годы было написано много песен, посвященных событиям декабря. Одной из таких является песня «Қасқалдақ». Она была написана композитором Ілесбеком Амановым и поэтом Есенғали Раушановым. В издании «Лениншіл жас» были напечатаны стихи Есенғали Раушанова, среди которых стихотворение «Қарабауыр қасқалдақ» Аманову понравились особенно. «Я понял, что поэт через эти стихи хотел передать героизм и трагедию героев декабрьского восстания», - признавался композитор, - во мне родилась мелодия, полная печали. Затем я написал музыку, и некоторое время сам и…

Халықтық коммунистер болашақ үшін күреседі

Халықтық коммунистер болашақ үшін күреседі Пресс-служба ЦК КНПК Өткен сенбіде «Алтын Қарғалы» шипажайында 2012 жылы қаңтар айындағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының кезектен тыс VІ съезі өтті. Онда партия пленумының қаулысы бойынша саяси партияның сайлауалды тұғырнамасы ортаға салынып, партиялық тізімдегі кандидаттар бекітілді. Сонымен, Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын таратылып, саяси дода басталып кетті. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) да өзде-рінің бұл саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, партия мүшелерін сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды. Съезді ашқан ҚКХП ОК-тің хатшысы Владислав Косарев партия алдында тұрған мақсат, міндеттеріне тоқталып, еліміздің жоғ…

0
0
413

ҚКХП «Нұр Отанның» бастамасын қолдайды

«Нұр Отанның» Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әділ де ашық түрде өткізу туралы бастамасын Қазақстан Коммунистік халық партиясы қолдайды. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында партияның Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков меморандумға қол қоятындықтарын айтты. Сайлау уақытында төзімділік пен сыйластық қағидаларынан аттамай, үгіт-насихат жұмыстарын Конституция мен заңға сәйкес ұйымдастыру мақсатында кеше «нұротандықтар» үндеу тастаған болатын. Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:-Қазіргі кезде қара пиар немесе жамандау арқылы жүргізудің заманы өтті. Қазір сайлаушылар кім қайсы екенін, қайсы ақ, қайсы қара екенін бәрі біледі. Сондықтан, саяси бәсекелестікте ғана жүргізу, яғни, тұрғырнамалардың Қазақстанның алға басуына ықпал ете ал…

0
0
341

Атырауда жаңа химиялық зауыт іске қосылды

Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:

Осы уақытқа дейін Атырау аумағында мұнай өнімдерінің қосындыларынан жасалатын резина, пластмасса шығарылып келсе, бүгінгі телекөпір кезінде мұнай-газ саласында көмірсутегін өндіру, даярлау, тасымалдау үшін қажет химиялық реагенттер зауыты іске қосылды. Мұнда шығарылатын өнім сапасы әлемдік стандарттарға сай.
Қазақстан-Америка біріккен химиялық зауытының әзірге жылдық қуаты 6 мың тонна. 150-ден астам жергілікті маман жұмыс істейді. Жобаның Қазақстандық үлесі 55 пайызды құрайды. Болашақта шығарылған реагенттердің 90 пайыздық мөлшерін Қазақсандық үлеске айналдыру көзделіп отыр. Толығырақ...
0
0
753

Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт Таразда іске қосылды

Бүгін телекөпір арқылы Жамбыл облысында іске қосылған өндіріс орындарының бірі – медициналық киімдер мен жабдықтарды шығаратын зауыт. Аймақта орналасқан бұл өндіріс орнының бүкіл Орта Азияда теңдесі жоқ. Олай дейтініміз, «Суперфарм» серіктестігі шығарып жатқан өнім химиялық қоспалар негізінде полиэтиленді материалдарды қолдана жасалған медициналық бұйымдар болып табылады. Толығырақ...

0
0
247

«Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» телекөпір өтті

Бүгін Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» телекөпірі өтті. Мемлекет басшысы он-лайн желіде елдің барлық аймақтарымен тікелей байланысқа шығып, озық өндірістерді іске қосты. Телекөпір барысында 19 жаңа және «Халықтық құрылысқа» жататын бірнеше қомақты жоба пайдаға берілді.
Телекөпір кезінде тікелей желіге аймақтар арасында алғаш қосылған – Қостанай өңірі. Аймақтың диқандары биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қамбаға 8,7 млн. тонна дән құйылды. Индустрияландыру бағдарламасы қолға алынған екі жылда өңірде 41 млрд. теңгеден асатын 38 жоба іске қосылса, биыл 28 жоба қолға алынған. Солардың ішіндегі өңір экономикасы үшін ең маңыздысы «Соколов-Сарыбай» өндірістік кен орнындағы жаңа техногиялық секцияның ашылуы.
Толық нұсқасын kaztrk.kz көре аласыз.
0
0
437

Бүгін Елбасының қатысуымен телекөпір өтеді

 
Қазақтың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бұл экономиканы басқарудың жаңа жүйесі. Бүгін Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен төртінші жалпыұлттық телекөпір өтеді. «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты телекөпірде еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қаласының әкімдері өңірлердің өрісін кеңейтуді көздейтін жаңа өндіріс орындарын тікелей он-лайн жүйесінде таныстырады.
Яғни, ел экономикасын еселеуге бағытталған серпінді жобалар бір мезетте іске қосылады. Сондай-ақ, шара аясында «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының лауреаттары марапатталады. Еліміздің 16 өңірімен байланыстыратын телевизиялық жүйені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жүргізеді.
0
0
499