Мазмұнға өту

Жаңа

Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті

Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы тұсында Алаш арыстарын еске алды. Қарағандылық жастар «Алаш апталығы» аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Алашым-Ардағым!» атты әдеби танымдық кеш өткізді. Іс-шара аясында кітаптар көрмесі, алаш ардақтыларына арналған стенд дайындалды. Әдеби-танымдық кештің көркін ашып отырған жүргізуші, тек облысқа ғана емес, бүкіл республикаға танымал айтыскер-ақын Айтбай Жұмағұлов. Қарағандының өнерпаз жастары еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алаш қайраткерлеріне арнап, әдемі әуендер ойналып, өлеңдер оқылып және патриоттық әндер шырқалды. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген әдеби кештен соң жақында ашылған облыстық орталық…

ҚКХП ОК хатшысы В.Косарев іс-сапармен Атырау өңірінде

ҚКХП ОК хатшысы В.Косарев іс-сапармен Атырау өңірінде Пресс-служба ЦК КНПК Еліміздегі заң шығарушы құзырлы орган – Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына орай Атырауға Қазақстан коммунистік халық партиясының Орталық Комитетінің хатшысы Владислав Косарев келді. Жаңа жылмен жарыса басталғалы тұрған саяси додаға партияның жергілікті комитетінің дайындығын пысықтау мақсатында арнайы келген ол «қазір кандидатурасын ұсынғандармен жұмыс жасап жатырмыз. Учаскелік сайлау комиссиясына мүшелер де таңдалуда. Сайлаудың ұйымдасқан түрде өтуіне күшімізді саламыз» деді ол. Атырауға арнайы сапары барысында жергілікті коммунистермен кездесу барысында Косарев мырза тәуелсіздіктің жиырма жылында Қазақ елінің жоғары жетістіктерге жеткендігін, ең бастысы қоғамның есейгендігіне ерекше тоқталып, мемлекетім…

0
0
637

АНА арың, БАЛА бағың! ...qogam.kz

Шақалақ өзiне келе жатқан қауiптi сезгендей жиырыла жөнелді. Кішкене ғана тәні бар болғанымен, оның да өзге нарестелердей жаны бар емес пе? Бір кемшілігі-жарық дүниеге келмегені болар. Адам баласына ана құрсағындағы жаны бар шарананы кесiп алып тастауға қайдан ғана батылдық бітеді десеңізші? Жаратқан адам баласын жалғассыз етіп жаратса, өмір әлдеқалай баяғыда аяқталу керек еді. Тәңіріміз кеудемізге жан бітіріп қана қоймай, ұрпақ жалғасын да сыйлады. Дегенмен бүгінгі таңда ақжаулықтыларымыздың көбі аналық махаббаттың не екенін ұғына алмай, бедеулікке бас ұрып жатса , енді бірі тағдырының тауқыметін өздері жасауда. Бүгінгі таңда елімізде жыл сайын 200-мыңға жуық жасанды түсік жасалуда. Жасатушыларымыз барған сайын жасарып, мектеп оқушылары арасынан да табылып жатыр. Мұндай әрекетке 15-16 жа…

1
3
968

Сырт көз сыншы....qogam.kz

Автобус аялдамаға келіп тоқтады.Абыр-сабыр болған жұрт бірі түсіп,бірі мініп жатыр.Осы тұста автобусқа асыға мінген қараторы жігіт байқаусызда сары баланы қағып кетті.Абырой барда аузын ашып үлгергені сол еді сары баланың қаһарына ілікті де қалды.Қысқасы ашуға салған азаматтар жоқ жерден дау шығарып, бірін-бірі балағаттап, боқ ауыз сөзбен жаудырды. Әйтеуір,болды-ау дегенде сіркесі су көтермей қалған сары қараторыны «баран» деп тынды. Естіген құлағынан иесі кынжылатын сөздерден кейін екі көзім төрт көз болып қоя берді. Апыр-ай,мыналарға не көрінді? Болар болмас нәрсеге иттей ырылдасуын қарашы. Жасыратыны жоқ, кәзір екінің бірі қабағынан қар жауып, жүйкесі жұқарып жүреді. Ондайларға тиіп қетсең, құтылуың екіталай. Сол секілдімына көк көздің де, біреу байқаусыз қағып кеткеніне бола тынысы та…

Жер сілкінісі

Мамырдың бірінші және екінші жұлдызында болған жер сілкіністері Алматы тұрғындарын әбігерге салды. Осының өзі-ақ қала тұрғындары мен төтеншеліктердің төтенше жағдайға дайын емес екенін анық көрсетті. Жапониядағы жағдайды еске алмай-ақ қояйық. Алда-жалда олай бола қалса зардабын болжау мүлде сүмкін емес. Ендеше жайшылықта дайындығымызды үнемі тексеріп, оқу-жаттығу жиындарына қатысып тұру (әрине төтеншеліктер тұрғындар арасында өткізсе) керек. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өт…

0
0
955

Мемлекеттік тіл

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»... Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Химия және химиялық технология факультетінің ұйымдастыруымен, химия факультетінің үлкен залында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ұлттық – мәдени орталық өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Қазақстан заман» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз; «Тұран дуниясы» бірлестігінің жетекшісі, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы, қоғамдармен байланысы бөлімінің төрағасы Махпиров Крлин; Қазақстан халықтары ассамблеясы, Ингуш-шешен этномәдени орталығы, жастар комитетінің төрағасы Бойсаев Адам; Қазақстан халықтары ассамблеясы, «АХСКА» Түрік этномәдени орталығы, жастар комитетінің төрағасының орынбасары Мелазов Мансур қатарлы құрметті қонақтармен бірге, факультет деканы, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты. Өз кезегінде сөз алған «Қаза…

0
0
571

Туу туралы куәлікке ЖСН жазып беру үшін ХҚКО қызметкерлері 2012 жылдың 1 тоқсанынан бастап балабақшалар мен мектептерге баратын болады

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 2007 жылдың тамыз айынан бастап берілген туу туралы куәліктерде көрсетілген. (Сондай-ақ, кәмелетке толмаған азаматтардың паспорттарында жазылған). Қазіргі уақытта туу туралы куәлікті 1996 жылдан 2007 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта алған азаматтар ЖСН алулары керек. Бұған дейін берілген туу туралы куәліктерде ЖСН жазылмаған. Бірақ, бұл құжат иелері 16 жасқа толған соң, ЖСН көрсетілген жеке куәлікке ие болды. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру комитеті «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрі туралы» ҚР Заңының 13- бабының 3 тармағында ЖСН жоқ құжаттардың жарамды деп жазылғанына назар аударуды сұрайды. Ата-аналарға қолайлы жағдай туғызу үш…

0
0
6380