Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар!
Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар! Біз жиырмасыншы рет ең басты мемлекеттік мейрам – Отанымыздың, Қазақстан Республикасының егемендік алған күнін атап өтудеміз. Аталған жылдары еліміз қиын жолды – тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолын артта қалдырды. Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды анықтауға мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын қорғап, өзі үшін күресуді талап етеді. Шынайы Тәуелсіздіктің кепілі – мемлекет пен халықтың мақсаттары мен мұраттарының сәйкес келуі. Бұл дегеніміз – халыққа қызмет ететін, арман-тілектеріне жауап беретін, оның мүддесі үшін шешім қабылдайтын мемлекетті құру болып табылады. Түрлі құбылыстардың лебі қоғамымызда көптеген қарама-қайшылықтарды туғызды. Ал олар азаматтарымыздың мемлекет ісін басқару процестеріне көпте…