Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

 

Батырдың жанқиярлық ерлігін елі ұмытпайды. Бүгін осыдан бір ай бұрын Таразда қылмыскердің жолын бөгеймін деп жүріп мерт болған жол полициясының взвод командирі Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Марқұмның жұбайына мемлекеттік награданы Президенттің өзі тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттады.

Қайтпас қайсарлық сын сағатта ғана сыналатын қасиет. Халық өжет ұлдарына ғана «қаһарман» деп ат берген. Қазақтың қаһарман ұлдарының қатары бір азаматқа толықты бүгін. Ердің есімі - Ғазиз Байтасов, көзі тірісінде Тараздағы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі болды. Қылмыскермен ұстасып жүріп, жанкешті жарылғыш затты іске қосқанда мерт болды өжет жігіт. Көптің тыныштығы үшін жанын пида еткен батырдың жұбайына «Халық Қаһарманы» наградасы тапсырылды бүгін.

0
0
321

Осы тақырып бойынша

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті - Yvision.kz