Мазмұнға өту
M-lady

Мадина Омаркулова

@M-lady

Сайтта 2011 ж. 18 сәуірКазахстан, Алматы

Көп ойланамын, Көп армандаймын, Көп сөйлемеймін. Достарымды қатты жақсы көремін.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

"Мың бала" туралы

«Қазақфильмнің» «Жаужүрек мың бала» кинотуындысы 2012 жылдың ең ірі жобасы болды. Жалпы прокатқа 3 мамырда шыққан бұл фильм алғашқы үш күнінде-ақ 1 миллион АҚШ долларына жуық қаржы жинап, рекорд орнатты. Ал бір аптаның ішінде бұл фильм 147 миллион тенге қаржы жинапты. Мамыр айы бойы еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін тарихи экшн-фильм – белгілі режиссер Ақан Сатаевтың туындысы. Бұл Қазақстанның кино тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі болып есептеледі. Фильмнің өндірістік бюджеті 12 миллион долларды құрады. «Жаужүрек мың бала» фильміне басты рөлдегі және екінші дәрежедегі актерлерді таңдау мақсатында жарияланған кастингке 22 мыңнан астам үміткер қатысты. Түсірілім алаңында бес жүзге тарта отандық БАҚ, сонымен қатар «The Independent», «Hollywood Reporter», «Variety» секілді…

1
1
5228

Медициналық сақтандыру қажет пе?

Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді. Бір мемлекетте денс…

1
6
5479

Азиядағы ең үздік медицина

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пікірінше азия аймағындағы ең үздік медицина Сингапур елінде. Әр жыл сайын Сингапурға емделу үшін 500 мың адам емделуге келеді екен. Сингапурды азиядағы экономикалық айдаһарға балайды. Сонымен бірге Сингапур - сауықтыру және медициналық туризмнің негізгі орталықтардың бірі. Кішкентай мемлекет қалай ғана азия аймағында медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша алғашқы орынға шықты. Қазір Сингапурда алпауыт елдерден асып түсетін денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істейді. Оған бәрі кіреді: жоғары сапалы қызмет, білікті мамандар, үздік техникалық жабдықтау. Жоғары сапалы медициналық қызмет АҚШ, батыс европалық клиникалардан қарағанда қол жетімді. Бүгінгі Сингапур –түрлі діни конфессиялар, сан түрлі мәдениет пен тілдер тоғысқан 4 миллион халық тұратын мекен.…

0
0
8128