Мұрат Әбеновпен тілдесу
"Көзқарас" бағдарламасының бүгінгі кейіпкері экс-депутат, Қазнетте танымал тұлға Мұрат Әбенов.
"Көзқарас" бағдарламасының бүгінгі кейіпкері экс-депутат, Қазнетте танымал тұлға Мұрат Әбенов.
ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ЖҮЛДЕ «САЗ ӘЛЕМІ»
Фантастика жанрынан өзімді сынап көргім келіп еді. Оқу кезі. Жылдың ортасы. Ермек өзінің жан досы Қанатпен күндегідей сабақтан қайтып бара жатып, әңгіме айтуда. Қалай екені белгісіз, әңгіменің басы ғарыш тақырыбына қарай ауысып кетті. - Менің өмірдегі аңсап жүрген ең басты арманым, бұрыннан бері қол жеткізе алмай жүрген мақсатым - ғарышқа ұшу, - деген Еремектің сөзі еді, Қанат келемеждегендей болып, күліп жіберді: - Ғарыш? ?? Иәәә...Білем және түсінем, балалар мектеп қабырғасында жүріп қайдағы жоқ нәрселерді армандайтынын. Сен - жай ғана 7-сынып оқушысысың. Әрине, арманыңның бірнеше ондаған жылдардан соң орындалуы әбден мүмкін. Бірақ қазіргі таңда «мектеп оқушысы ғарышқа ұшты» дегенді, тіпті, ойға салудың өзі күлкілі, - деп оның сөзін құлаққа алмады. - Неліктен бәрі де күлкілі немесе мүмк…
Қазақстан Коммунисттік Халық Партиясы Баспасөз хабарламасы АСТАНА-2011 жыл. 20 желтоқсан. 11.00 Қазақстан Коммунисттік Халық Партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырады. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты партияның ресми көзқарасы жария етіледі. Журналисттердің сұрақтарына ҚКХП орталық Комитетінің хатшылары - Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков жауап береді. Баспасөз мәслихаты өтетін жер: Ұлттық пресс-клуб Орынбор көшесі 8, 16В блогы. (ЖУРНАЛИСТТЕР ҮЙІ). ҚКХП Републикалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі тел: 8(7172) 46-63-49 тел-факс: 8 (7172)20-18-06, [email protected] Коммунистическая народная партия Казахстана Пресс-релиз АСТАНА-2011. 20 декабря в 11.00 состоится презентация предвыборной платформы Коммунистической народной партии…
Тәртіпке бағынған құл болмайды! (Бауыржан Момышұлы) ..Естіп жатырсыздар. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын міне тойлап бастағанда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бүлік бұрқ ете түсті. "Қалай болды, кім бастады, неден, неге?.." деген т.с.с. сұрақтарға жауап бермеймін. Бере де алмаймын. Өйткені, мәселенің түп-төркіні алыста жатыр. Ал оқиғаға себепші - әрі билік, әрі оппозиция және "адамның құқын қорғағыш" әміркандық һәм батыси ұйымдар мен сымақтар. Келіспессіздер, алайда бұл менің пікірім. Бірі бері тартса, бірі ары тартты. Енді қара халық зардап шегуде... ..Әлқисса! Жұма, 16 желтоқсан күні мен "Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар" деп жазып жатқанда, Жаңаөзенде атыс басталыпты. Бұл - мен сол Жаңаөзеннен бір сағаттық жердегі Жетібай атты ауылыма Атыраудан пойызға мінгелі отырғандағы…
Қызылорда ақпараты
Пресс-служба ЦК КНПК

Егемендік алғанымызға 20 жыл толуына орай үстіміздегі жылдың 16-шы желтоқсан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті «Саяси қуғын сүргін құрбандары» ескерткішінің алдына гүл қою рәсімін өткізді. Бұл іс-шараға обком мүшелері мен үгітшілер тобы және жергілікті партия мүшелері қатысты. Ескерткіш алдына гүл шоғы қойылып, обкомның І-хатшысы Досаев Жұмабек сөз сөйледі. Мұның куәгері қаламыздың жергілікті телеарнасы «Қоғам тв» болды.
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының
Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы
Жүнісова М.

Құрметті көшбасшы түлектері, сіздердің кеше, Тәуелсіздік күні біздің жаңа бастаманың бірінші жиналысына сақадай сай, ұйып келгендеріңізге ризамын. Бірталай маңызды мәселенің басы шешілді, бірақ көп созбай нақты не нәрсеге келіскенімізді баяндайын. Ұйым құрылысы төмендегідей бөлімдерден тұратын болады: 1) Fund-raising Team Мүшелері: Сырым Қанаев, Нұрсұлтан Орынбаев, Абылайхан Сүлейменов 2) Events Team Мүшелері: Әлібек Қисыбай, Аягөз Загиева, Қадырбай Омаров, Мейіржан Серіков 3) Human Resources Development Team Мүшелері: Қадырбай Омаров, Әлішер Ахметов Болашақта сонымен қатар бірнеше қосымша бөлімдерінің ашылуын көздеп отырмыз. Алдыңғы кезекте, Proud Team бөлімі. Оның тұсаукесеріне Абай Нәменді басшылыққа қойғымыз келіп отыр. Сөз түйіні Абайдың еншісінде, әрине. Алдағы жоспарлар: 1) 21.12.2…
Кеше 16-сы күні отбасымызбен Тәуелсіздік Алаңына барып, Желтоқсан көтерілісіне арналған ескерткіш пен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойдық. Ескерткіштің жанында көтеріліс құрбандарына Құран оқытылып жатыр екен. Көргенім ойға салды. Суреттегі бір топ адамдар тарағасын, ескерткіштің маңы қусырап қалды. Елдер ағылып-төгіліп келе ме деп ойлағам. Әсіресе жастарды көрем деп үміт арқалаған едім. Әрине, суреттегі елдің біразы жастар болды. Бірақ халқы 1,5 млн-нан асатын Алматы шаһарына бұл өте аз емес пе? Оңтүстік Астанамызды елдер жастар қаласы деп атайды. Білмеймін. Бәлкім, осындай ахуалдың орын алуы жастармен жүргізілетін идеологиялық жұмыстың жеткіліксіздігінен шығар. Дегенмен, ескерткіштің жанында жалынды өлең жолдарын оқып тұрған жас ұрпақ өкілін көріп, жүрегім елжіреп қалды. Жанында…
Тәуелсіздік тойына жүрекжарды тілектерін шетелдік саясаттанушылар да білдіруде. Солардың бірі ресейлік сарапшы Юрий Солозобов біздің арнаға берген сұхбатында: «Тәуелсіздік алған жиырма жылдағы әр жылдың қазақ мемлекетінің дамуындағы орны бөлек. Әр жыл саяси, экономикалық ілгерілеуге бастайтын жаңа қадамдарға толы болды. Мұның бәрі ортақ мүдде жолында ұйысқан ұлттың бірлігі, ерік–жігері мен көреген көшбасшының сарабдал саясаты арқасында. Қазақ елі дамуының моделі көпке үлгі» деп атап өтті. Юрий Солозобов, ресейлік сарапшы: Қазақстандықтарды және осы елдің барлық ниеттес достарын қазақ тәуелсіздігінің 20 жылдық тойымен құттықтаймын. Бұл жиырма жылда елді табысқа жетелеген негізгі фактор - ол қазақ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі, ұлттың бірлігі. Сөз жоқ Қазақстан талай белесті ба…