Қазақстан халықтық коммунистік партиясының
Қазақстаның батысында орын алған қайғылы жағдайларға байланысты Мәлімдемесі Қазақстанның батысында 16 желтоқсан күні орын алған қайғылы жағдай бәрімізді қатты толғандырды. Мұнай өндірісі саласы жұмысшыларының бірнеше айға созылған ереуілінің туындаған проблемаларды шеше алмағаны - өкінішті. Бұл жағдайға компания басшылығы ғана кінәлі. Егер өндіріс иелері мен билік бұл мәселеге дұрыстап мән бергенде, аталған шиеленісті баяғыда реттеуге болар еді. Біз бұл шиеленісті шешу үдерісіне араласқымыз келгенде, жағдайды саясиландырмау үшін наразылық бастамашылдары ұсыныстарымызды қабыл алмады. Бүгінде біздің Жаңаөзендегі өкіліміздің хабарлауынша, мұнайшылардың өздерінің құқықтарын сақтау мақсатында ұйымдасып алаңға шығуы кезінде тәртіпсіздік пен бейберекетсіздік орын алған, нәтижесінде наразылық біл…