Мазмұнға өту

Жаңа

Ертең – сайлау

Ертең Ресейде президенттік сайлау өтеді. Ал, бүгін Федерация аумағында тыныштық күні жарияланды. Бүгін елде үгіт-насихат шаралары тоқтады.Теріскейдегі көршіміз мемлекет басшысын таңдауға қалай әзірленіп жатыр? Ресей – көрші ғана емес, халықаралық саясат пен экономикадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еуразия одағы, Кедендік одақ, атай берсек, теріскейдегі елмен қарым-қатынастың маңызы кейінгі жылдары еселене түспесе, кеміген жоқ. Ал, былтыр екі мемлекеттің өзара сауда айналымы 23 миллиард доллардан асқан екен. Бүгін сол алып державаның саяси сахнасында үнсіздік орнады. Яғни, үгіт-насихатқа жол жоқ. Есесіне, ертеңгі сайлауға әзірліктің қызған шағы. Александр Данилов, РФ Сайлау комиссиясының мүшесі: Көріп отырсыздар, дайындық қарбалас жүріп жатыр. Ол берілген уақытқа дейін, яғни, сағат 4-к…

0
0
287

Бала оқыту оңай ма?

2008 жыл Мақала Сарыағаш аудандық газетінде жарияланған Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі - мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Бұл, түбінде, «адам затын, адам атаулыны құрмет тұту парыз» деген пәлсәпалық қағидадан бастау алса керек. Бұл қасиеттен ада мұғалім балаға «кішкентай ойыншық», «әлі адам емес, есейгенде адам болады» деп, немесе нақты «пәленшенің баласы» деген өте қушық та саяз, пендешілік көзқараспен қарайды. Көзқарас қандай болса, тір…

0
0
2495

Тағы да ҰБТ туралы

Мақала 2008 ж. «Талапкер» және «Сарыағаш» газеттерінде жарияланды. ҰБТ технологиясына, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне айтылған, тағы да айтар сын жетерлік. «Сын түзелмей, мін түзелмес» дегенге сай, салиқалы да салмақты пікір білдіруге тырысайын. Осыдан кейінгі айтылған ойдың барлығы менің қарапайым азамат ретіндегі жеке пікірлерім екенін ескертемін. Алдымен қазіргі ҰБТ мазмұнына қатысты ойларымды тұжырымдайын. Өзім жаратылыстану оқытушысы болғандықтан, физика және математика тестерінің сапасы жөнінде айтайын: 1) Тест тапсырмалары түрлі қиындықта бола тұра, барлығына бірыңғай 1 балдан беріп отыру жөнге келмейді. А,В,С қиындық деңгейіне қарай тапсырмалардың балының арасалмағын реттеу қажет. Мысалы, А деңгейге 1 балл берілсе, В деңгейге 3, С деңгейге 5 балл. Мүмкін А,В деңгейлерінің тап…

1
1
1173

мемлекеттік қызметкерлер қысқартуға ушырауда....

Жаңа жылдағы тың жаңалықтардың бірі мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту.Құдай ау бул мемлекеттік қызметкерлер мұздай болды. Отқа салса жанбайтын суға салса батпайтын. Сайлау сайлау деп сол уақытта сабылып жүр еді, баласын үйлендірген ата анадай. Сайлау отті іс тынды. қызметкерлер қысқартуга ұшырай бастады.

қысқартылсың қысқартуға соған лайқ қызметкерлер. қарапайым адал адамдар жұмыссыз қалды. бастыққа жақпағандар, ақшасын тарифн бермегендер жұмыссыз қалды  да, не бір пысықтар айласын асырды.

0
6
652

Шу ауданы жастары әлеуметтік желі қатарында

"Нұр Отан" ХДП Шу аудандық филиалы "Жас Отан" Жастар қанаты әлеуметтік желілер қатарына қосылды. Заманауи ақпараттық-технология саласын дамыту жастардың белсенділіі нәтижесінде жарқын нәтиже береді.

0
1
690

Әлемдегі сыбайластыққа қарсы шаралар

Әлемдегі 122 мемлекет (арасында Ресей, Қытай бар) бас қосып жаңа бүкіл әлемдік қаржылық жүйесін ойластыруда. Қазіргі қаржылық жүйе толығымен тоқтатылыпты. Тіпті сол жүйенің айырылмас жолдасы - АҚШ доллары жаңадан басылып шығарылмайды екен. Жаңа жүйе толығымен өз күшіне енгенше. Бұл жайлы бәлендей жаңалықтар жоқ, себебі ол өте құпия әрекет. Кәзіргі ақша иелері кедергі жасамасын деп кездесулер тасада өткізілуде. Міндетті түрде қамалға алынатындардың біраз есімдері жарияланды: Larry Summers Paul Volcker Wylie Aitken Vernon Jordan Admiral William Crowe Richard Haas Felix Warburg John Jacob Astor Lord Pillsbury Bill Hicks Kiyohika Nishimura David Gergen Lamar Smith J. Rockefeller Yotaro Kobayashi John Snow Mark Rich David Cohen James Cameron (his family got rich from opium) John Roberts Paul W…

0
0
633

Бүгін көктемнің алғашқы күні

Бүгін Наурыздың бірі – жылдың, әрі көктемнің бірінші күні. Парсының «нау»- жаңа, «руз»- күн деген, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Демек, наурыз аты бір күнді бейнелесе де, ол толық ай атын иеленген. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңеседі, жаңа күн келеді. Халқымыз оны жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайды, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді.

0
5
989

Сарқырама ауылында ауыз су тапшы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарқырама» ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Осыдан екі жыл бұрын «Таза су» бағдарламасы бойынша 32 млн. теңге бөлініп, ұңғыма қазылып әр үйге құбыр тартылған. Бірақ елдің қуанышы, өкінішке орай көпке созылмады. Ұңғымадан – алғашында таза су шыққанымен, кейіннен ішуге мүлдем жарамсыз болып қалды. Қазір жұрт – баяғыша суды арықтан тасып ішіп отыр. Ал жаңадан тартылған құбырлардың бүгінде кенезесі кеуіп тұр. Амалы таусылған халық Ұлттық арнаға шағымданып, үшбу хат жолдады. Қырыққа жуық түтіні бар Сарқырама ауылының тұрғындары қазір лажсыз іргедегі арықтың лас, әрі дәмсіз суын ішіп отыр. Ал жаңадан қазылған құбыр суын адам тұрмақ, қаталап тұрған төрт түліктің өзі ішпейді. Темір Ақылбекұлы, ауыл тұрғыны: Бұл тура халықты көрер көзге кеселге итермелеу.…

0
2
536

Жамбылдық "жасотандықтар" ер азаматтарға әскери патриоттық тәрбие беру басты міндет деп санайды

Еліміздің ертеңі жастар десек, ал жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру қоғамның міндетті. Осы орайда "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының және партия жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмыстары ауқымды. 2012 жылдың 1 науырызында Жамбыл облысының "жасотандықтары" жастарымыздың бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу мақсатынада "Сен әскерге дайынбысың?" атты жастардың әскери сала қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды. Аталмыш шараға: - Партия басшылығы мен «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері; - Облыс бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерден тыс даярлау бөлімінің бастығы Әлішер Амангелдіұлы Құлжабаев; - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Тараз шекара отрядының сарбаздары мен офиц…

1
1
1640

"Теряя невинность в Алма-Ате" - анайы фильм, ұлттық масқара

Қазақта Жанна Исабаева деген режиссер бар. Ол ақпанның 16-да "Теряя невинность в Алма-Ате" атты туындысына премьера анықтап, прокатқа шығарам деп еді. Бұл 13 алматылықтың жыныстық тәжірибесін арқау еткен анайы фильм. Премьера өтсе де, бұл жолы аман қалғанымызбен, бұл қасымызда жүрген қатерге жатады.

0
3
1230