Тұрмысы төмендерге тұрғын үй керек немесе салынып бітсе де сағым боп тұрған сарайлар
Баспанасыз тіршілік иесін көріп пе едіңіз? Тілсіз де болса, сан алуан жан-жануар мен жәндіктердің өзі күйбең тіршйді. Ал солардан санасы артық туған адамдар ше? Біздің бүгінгі хәліміз көңіл көншітерліктей дәрежеде деп айта алмаймыз. Басқа сүтқоректілерден ақылымыз асық боп тусақ та, азаматтарымыз әлі күнге басына баспана іздеп зар илеп жүр. Осыдан 3 жыл бұрын, яғни 2008 жылы жеңілдіктермен берілетін ипотекалық тұрғын үйлерге жаппай кезекке тұру басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007-жылғы 20-тамыздағы №383-ші «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес, жас отбасы айрықша құқығы бар санат қатарына жатады.Бірі талон ала алмай тәлтіректесе, енді бірі кезегін күтіп сарылып жүріп ақыры…