Президент көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Бронислав Коморовскийге елдің көңіл айту жеделхатын жолдады.
ЖЕДЕЛ ХАТ
«Польшаның оңтүстігінде сенбі күні кешке темір жол апаты болып, көптеген жолаушылардың өмірі қиылғандығы туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қаза болғандардың туған-туыстары мен отбасыларына, сондай-ақ, барлық поляк халқына қазақ халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айта отырып, ауыр қайғыға ортақтас екендігімізді білдіремін», - делінген.
