Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жапырақ көңіл көкке ұшып

Сарғайған күзгі жапырақ,

Жанымды жабырқатпашы.

Жапырақтардай дірілдеп,

Жүрегім баяу соқпашы.

 

Балалық өтер зымырап,

Шаттыққа толып өмірің.

Жүргендей еді жадырап,

Қайғысыз мұңсыз көңілім.

 

Арманмен бала қоштасып,

Өмірге қадам басың.

Қиялмен өзге бас қосып,

Белестен басқа асасың.

 

Күздегі сарғыш айнала

Үзілген үнсіз жапырақ,

Сыр айтар саған жай ғана,

Жанардан нұры шашырап.

 

Есею ерте – зор бақыт,

Деп түйюші едім жасымда.

Ойласам терең толғанып,

Қателік бар-ау осында.

 

Жапырақтардай сарғайған

Аңсайтын жасыл көктемін.

Сағынар жаным ол қайдан

Келеді-ау ұшып деп менің?!

 

Еркелеп өстік бұлғақтап,

Көрместен өмір сындарын.

Үн қатса біреу жұмбақтап

Түсінбеуші едік сырларын.

 

Ұғына алмай өмірдің,

Қиындықтардан тұрарын.

Бір адым келмей шегінгім,

Ұмтылдым алға мың адым.

 

Жапырақ көңіл көкке ұшып,

Келмейді әсте қонғысы .

Сонда да Уақыт кетті ұшып,

Осы деп өмір болмысы!

 
0
0
913

Осы тақырып бойынша

Жапырақ көңіл көкке ұшып - Yvision.kz