Еркелетші
Періштем боп...жылы нөсер төккенде,
Тереземді қақшы, күнім, көктен кеп.
Мейлі, тіпті, хабарсыз боп кетсең де,
Анда-санда еркелетші "ЕРКЕМ" деп.
Сәл мұңайып жабырқаған кездерде
Маңдайымнан сүйіп қойшы жұбатып.
Азап қинап, жылап қалған кештерде
ЖАНЫМДА БОЛ, жадыратшы тіл катып...

