Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Аптаның қызықты материалдары #14

Достар, сенбі сайын сайтымыздан мәдени жаңалықтардың дайджесін оқи аласыздар. Театрдағы соңғы қойылымдар, қызықты сұхбаттар, музыка, әдеби әлем... Отандық БАҚтар мәдениет тақырыбында тағы не жазып жүр?

Нобель Сыйлығын алған қазақ


Белгілі бір топтың төңірегінде қалып қойған бұл хабар бүкіл елге ақпарат құралдары арқылы сүйіншіленбегені түсініксіз жайт. Бәлкім бір-екі рет айтылған да, жазылған да шығар. Сонда да жеткіліксіз, бұқара халық Достай Раманқұловтың кім екенін дұрыс білмейді. Иә, әлемдегі ең бағалы сыйлық – Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов! Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық поли-техникалық университеттің түлегі (толығымен).

«Шындық детекторы». Ол не?


Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі жазушы-драматург Баққожа Мұқайдың «Дүние кезек» пьесасының желісіне құрылған «Шындық детекторы» трагикомедиясының тұсаукесері болды. Қойылымды көрермен назарына Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов ұсынып отыр.Бәрі де сайлаудан басталады. Былғары креслоға Ботан Сарманов, Бану Қоқанова, Жайсаң Базаров, Асхат Шарифуллин сынды әділдік пен адамгершілік атаулыны белден басып отырып, қызметке орналасқан қорқаулар жайғасқысы-ақ келеді. Алайда жылы орынға әдеттегідей берген парасы мен туысқандық, тамыр-таныстығымен емес, шындық детекторының сынынан өткен соң бірақ отырмақшы (жалғасы).

ДІҢГЕГІ МЫҚТЫ ДІЛМАР

«Тіпті, атымды білмейтін жандар осы сөзімді жатқа айтады» деп күледі өзі.
Атын атамай жатып, сіздің де көз алдыңызға студиядағы сұхбаттасының шен-шекпеніне қарамай, рингтегі бок­сшыдай сұрақпен «төпелеп-төпелеп» жіберіп, көзілдірігінің үстінен шан­шыла қарап отыратын Нұртілеу Иманғалиұлының бейнесі келе қалған бо­лар.
«Қашанда әріптестеріңнің ара­сында дода бұзып – дараланып жүргенің, қашанда өміріне қауіп ойла­май жартас үстінде мүйізін айға шағылыстырып кетіп бара жатар таутекедей оқшырайып жүргенің» деп жазғаны бар еді Құлбек Ергөбектің бір кездері (жалғасы).

Баян ЕСЕНТАЕВА: МЕН – КЛОН ЕМЕСПІН!

Ермек Тұрсынов та тыныш жүрмейді ғой. Жақында бір газетке берген сұхбатында: «Біздің мемлекет ар-ұяттан безген мемлекет (аморальная страна). Ол өзгелердің құндылықтары, жетістіктері мен жинақтары атмосферасында өмір сүреді, – деп еліміздің жер-жебіріне жеткені аздай, сылқым бикеш Баян Есентаеваны түйрей кетіпті. «Ресейде Ксения Собчак болса, бізде Баян Есентаева шығады. Ол жақта Басков деген біреу шықса, дереу бізде оның клоны шығады. Клондар, клондар, клондар», – депті (жалғасы).

Ұлды үйлендіруге қорқатын болдық

Түсінген адамға бұл сөзде үлкен мән жатыр. Әрине, оны адам жас кезінде жете ұқпауы мүмкін. Бірақ кейін уақыт өте, өмірді көре келе оның астарын сезінгендей боласың.  Қазақ қызы қашанда  – ұлтымыздың айнасы, отбасының берекесі. Сондықтан әрбір шаңырақтағы ана қызы туылғаннан бастап, оның тәлім-тәрбиесіне, сөйлеген сөзіне, дайындаған тағамына, бой-басының күтіміне дейін айрықша көңіл бөліп,  үнемі назарында ұстағаны дұрыс дер едік (жалғасы).

8
1
2680

Осы тақырып бойынша

Аптаның қызықты материалдары #14 - Yvision.kz