Аптаның қызықты материалдары #13
Астана қаласының "Жастар театры" Алматыда қонақта

22 сәуір күнінен бастап, Астана қаласының «Жастар» театры Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында өнер көрсетуді бастады. Дарынды жас әртістер театр шымылдығын«Ғайыптағы махаббат» атты спектаклімен ашты. Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектерiнен кұралған бұл театрдың өнерде өмір сүріп келе жатқанына 5-ақ жылдың көлемі болса да, бірталай асуды бағындырып үлгерді. Жастар театры 2007 жылдың 6 шілдесінде құрылып, ең алғаш рет «Шыңғысхан» спектаклін сахналаған болатын (жалғасы).
Кешіріңіз, өте сәтсіз фильм түсіріпсіз!

Біз білетін Жанна бұдан бұрын да көрерменді «Қарой», «Ойпырмай немесе менің қымбатты балаларым» фильмдерімен «таңқалдырған-ды». Бірінде -басты кейіпкерді туған анасын өлтіретін қанішер қып, енді бірінде – ауыл әйелін жабайы, түк көрмеген етіп көрсеткен. Ауыл қазақтарының момақан тіршілігін масқаралап көрсетіп, халықтың тіні берік туысқандық институтын да әжуалап түсірген режиссерден одан кейін жақсы өнім дәметпеген де едік. Дәл осындай сорақыны тіпті күтпедік (толығымен).
«АЛТЫБАҚАН»

Қазақ экранына тағы бір мелодрама келді. «Махаббат алтыбақанын» («Качели любви») түсірген – Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар екен. Тоқтар Қарсақбаев үшін бұл дебют деуге болмайды. Дебют емес деуге де келмейді. Өйткені осыған дейін ол кіріскен кинолардың бірде-бірі көрерменге жетпеген.Сонымен, «Качели» басталғанда жасандылықтан жаның шығып кете жаздайды. Бұрын камера көрмеген Әділ Тәліпов жан-жағына үрке қарайды. Балалардың ғана емес, ересек актерлердің нашар ойыны, сылбыр сөз, жансыз қимыл, сөз бен қимылдың үйлеспей жатуы кино басталмай жатып-ақ, жүйкеңіздің қаншалықты мықтылығын бір сынап алады. Біртіндеп осы жасандылық әлде азаяды, әлде оған өзің үйреніп кетесің... (жалғасы)
Түркі әлемі зиялыларының мұрасына мұқият болсақ...

Дүниежүзіндегі түркітектес халықтар ішінде Осман түріктерінен кейін халық саны жағынан екінші орынға шыққан қазақ жұрты зұлмат жылдары зорлықпен жүргізілген саясаттың әсерінен жартысынан астамынан айырылды. Бұл бір халыққа бағытталған геноцид ішіндегі тарихта өте сирек кездесетін қанды қырғын еді. Оның тарихи себебі мынада: Кеңес империясы түркілердің тұтастығын жоққа шығарып, олардың ыдырауына, бастарын қоспауға күш салғаны белгілі. Ал Түркияда кеңестік империяның озбырлығына қарсы шыққан Нехал Атсыз, Ататүрік, Ахмет Зәки Уәлиди, Алпарслан Түркеш сынды түркішіл зиялылар бастаған 40 шақты кісі 1944 жылы Анкара түрмесіне қамалады. Екі рет сот өтеді. Тек 3 мамыр күнгі екінші сотта әділет салтанат құрып, түркішіл зиялылар бостандыққа шығады. Сондықтан Түркияда азаттық жолында опат болған зиялыларын еске алу күні 3 мамырда атап өтіледі (жалғасы).
«Аққыз». Аппақ ағамыз…

Осы бiр үйлесiмдiлiк менi алғаш ағамызды көрген кезде қатты таңғалдырған едi. Бала кезде түн қата оқып, басыма жастанған қызықты кiтабымның бiрi – «Аққыз» болды. Кәдiмгi заманымыздың бiртуар перзентi, халқының өнегелi салтын, өрелi қалпын өрнектеген Ақселеу ағамыздың «Аққызы». Кiтап құшақтаған ғұмырымның ең бiр есте қалған ерекше туындысы – осы.
Бiздiң ауылда үлкен кiтап үйi болды. Бiрақ қашан барсаң да, есiгi қара құлыппен тарс жабулы күйiнде тұратын. Сондайда қынжылып, келген iзiмiзбен керi қайтатын едiк (жалғасы).
АҒАЙЫНДЫ ТӨРТ БИШІ

Екі де екі – төрт. Жанат, Саят, Эльдар мен Дидарға қарасаң, солай екеніне күмәнің қалмайды. Ағайынды Сәрсенбаевтар қазақ балетіндегі, жалпы әлем балетіндегі феномен. Бір үйден екі бишінің шыққанын көріп жүрміз. Егіз бишілерді де балет тарихы білетін болуы керек. Бірақ қос егіз – төрт ағайындының бір театрда жұмыс істегені шын мәнінде ерекше оқиға. Жанат пен Саят Сәрсенбаевтар – К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының әртістері. 2000 жылы құрылған «жас» театрдың сахнасына алғаш шыққан ізашарлар. О баста біраз бас партияларды билеп, қазір актерлік талантты талап ететін Лоренцо, Мишо, Санчо Панса, Раджа сияқты «егде рольдерге» көшкен, он екі жылдан бері сахнаның ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан тәжірибелі әртістер (жалғасы).
«Шындық детекторы» – шынайылығымен ерекшеленген шығарма

«О заманда, бұ заман, бастықты темірдің таңдауымен сайлағанды кім көрген? Бұрын адамның тағдырын адам шешуші еді, адамдарға жағдайыңды айтып түсіндіруге болатын. Қазір шындық детекторы деген бәле шығыпты. Шындық детекторы тамыр-таныс, ағайын-туыс дегенді ұқпайды...» Бұл – жақында ғана Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанған «Шындық детекторы» пьесасындағы кейіпкердің сөзі. Иә, қазіргі заманда жоғары мансапқа ұмтылған үміткер де, тіпті қарапайым жүргізушінің куәлігін алғысы келген адам да, оқу орнына түсуге талпынған талапкер де электрондық жүйемен тест тапсырып, бағын сынайды. Бірақ «заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейтін адамдар темірді де алдаудың жолын тауып, парақорлықты одан сайын үдетпесе, азайтар емес (жалғасы).
Хасан Қыдыралиев: «Тарихи фильм болғандықтан ашық түстерді қолданбадық»

«Жаужүрек мың бала» фильмінің қоюшы операторы Хасан Қыдыралиев – Ақан Сатаевтың барлық жобасына ат салысып келе жатқан маман. Сонымен қатар, Рүстем Әбдірашовтың «Сталинге сыйлық», Гүлшат Омарованың «Шиза» секілді фильмдерімен және өзге де қазақстандық бірқатар жобалармен жұмыс істеген.
Киностан: «Жаужүрек мың баланы» түсіру барысында техникалық тұрғыдан жаңа әдіс, құралдар қолдандыңыздар ма?
Хасан Қыдыралиев: Бәлендей бір ерекше технология пайдаланылған жоқ. Тек қимыл үстіндегі актерларды, мысалы атпен шауып келе жатқан адамды түсіру қиындау болды, сондықтан Киевтен арнайы мамандарды шақырдық. Олардың авторобот деп аталатын құралдары бар, сонымен 20 күн бойы қуғын-шайқастарды түсірдік (жалғасы).
