Қайда кетті?!
Қайда кетті, тоқтаусыз, еш алаңсыз?!
Келді міне ауламызға жалаң күз!
Ол да кетер көп кідірмей жолымен,
Үлгермесең қалдың айла-шарасыз...
Уақыт саған қайтып келмес мәпелеп,
Дұрыс жолға қайта қайта жетелеп,
Бір келгенде қадірін біліп бақпасаң,
Өзіңнен көр, жүрген қазір еркелеп!!!
