Мазмұнға өту

Жаңа

Олимпиада туралы кино тізімі

Құрметті оқырман, биылғы Олимпиада бәрімізге ұмытылмас жеңістерін сыйлап, баршамызды жаңа жетістік пен белестерге жетуге ықпал жасауда. Спортшыларымыздың өнерін тамашалай отырып, «Екпін» журналы Олимпиада атты мерекеге арнап түсірілген кино тізімін ұсынады. «Олимпия» Режиссері: Лени Рифеншталь Жанры: деректі, спорт Шыққан жылы: 1938 ж. Актриса, продюсер, сценарист, режиссер, оператор Лени Рифенштальдің туындысы. Олимпиадалық ойындар — тек спортсмендер мен жаттықтырушылардың емес, бүкіл ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл фильм сол мезеттің бар маңыздылығын, ерекшелігін жеткізе білген. Антикалық кезеңнен 1936 жылға дейінгі Олимпиадалардың тарихын баяндайтын туынды Венециялық кинофестивальде Муссолини кубогына ие болған. Ал Лени Рифенштальге 1936 жылы өткен берлиндік Олимпиадалық ой…

8
6
1563

Шенеуніктерге жоғары талап қойылады

08.11.12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы шақыр­туымен елімізге келген Бүкіл­әлемдік Банктің өкілі, мем­лекеттік сектор және басқару бағыты бойынша Бас маман Амит Мукерджи Мемлекеттік қызмет саласына енгізілген Заңға түсініктеме берді. Мемлекеттік қызмет сала­сына енгізілген Заңға қатысты өз пікірімен бөліскен Бүкіл­әлемдік Банк өкілі Қазақстан­дағы мемлекеттік басқару, әкімшілік реформалар жөнінде өз ойымен бөлісіп, оның ал­ғаш­қы даму кезеңдеріне тоқталды:- Мен қазіргі уақытта Қа­зақстандағы мемлекеттік қыз­мет реформасымен тікелей ай­налыспаймын, алайда оның даму баспалдақтарын өз кө­зіммен көріп, үлес қостым. Мем­лекеттік басқару мен мем­лекеттік қыз­метте 1996-1997 жылдары жүр­гізілген рефор­малар бұл сала­ның іргетасы қалануына, оның кейін­гі дамуына үлкен серпін бер­ді. Бір…

0
0
597

«Менің Аяным» Лира Қоныс

Лира Қоныс 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған. МЕНІҢ АЯНЫМ - Кешке түнгі клуб «Пирамидада» кездесеміз бе? - Уақытым жоқ, - дедім. Жабырқап қалды. - Кездесу керек едік. - Басымды қатырмашы, а?! - Сен қазір мақұл демесең, көшеге жүгіріп шығамын да, көліктің астына түсіп өле саламын. - Маған бәрібір. Аян жолға қарай жүгіре жөнелді. Тал арасынан атып шыға келгенде сүліктей қара шеттік көлік ызғып келіп, тежегішін басып үлгерді. Рүлдегі жігіт түсе сала, жағасын…

7
9
10460

Есімде қалған елес...

08.11.12.Әңгіменің әлқисасын бастамай тұрып, бала кезімде болған бір оқиғаны еске ала кеткенді жөн көріп отырмын. Төмендегі жайтқа мұның да қатысы болуы мүмкін. Әлі есімде, 1983 жылдың тамыз айының соңы. Малшылар жайлаудан түсіп жатқан уақыт. Әкем колхоздың қойын бағатын болғандықтан жайлауға барып, таудан қойды айдасып түсу керек болды. Қой Тарбағатай тауының Шөпшібай деген жайлауында болатын. Таудың иір-қиыр жолымен қойды етекке айдап түсу кем дегенде бір күнді алатын шаруа. Әкем, оның көмекшісі және мен таңсәріден қойды жая айдап, ымырт үйіріле етекке түстік. Түнемелікке тоқтаған жері­міз Алмалы сай деп аталады. Қой­ды иіріп, сонда қондық. Тау сал­қын. Киізді жартылай жа­мылып, ұйықтап кеткенбіз. Таң алдында дүңкілдеп атылған мыл­тық дауысын естігендей бол­дым. «Аң-құстан малды қо­рып,…

0
0
1988

Су астындағы құбыжықтар

08.11.12.Адамзат айдағыны зерттеп, талай ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді. Алайда ол өзі мекен ететін Жердің құпиясын әлі де толық аша алған жоқ. Қарапайым жер әлемнің үштен бір бөлігін құрайтын қарапайым құрлықтардың өзінің ішіне бүккен сыры көп. Оның зерттелмеген таулары, құзар шыңдары, мұздықтары, тас үңгірлері, терең жыралары да жетерлік. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» деген нақылға сүйенген олар, адам білмейтін керемет жаңалыққа қол…

0
0
2493

Гүлбаршын ТЕРГЕУБЕКОВА: Қасымды іздейтін халық бар екен...

08.11.12.- Үстіміздегі жылы мамыр айында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдары қару мен қаламды қатар ұстаған қаһарман ақын Қасым Аманжоловтың шығарма­шылығына арналған концерт тұңғыш рет ұйым­дасты­рылды. Игілікті істің басы-қасында өзіңіз жүрдіңіз. Жұртшылықтың жоғары бағасына ие болған кеш енді Қарағанды өңірінде жалға­сын тапқалы жатыр екен. Осы шара төңірігенде аз-кем әңгімелессек... - Құдайға шүкір, «Қасымның әндері-ай» деп аталған жобамыз көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Халық көп жиналды, ине шаншар орын болған жоқ. Өнер жұлдыздары бір кісідей атсалысып, жұдырықтай жұмыла жұмыс істеді. Ком­позиторларымыз қа­лам­гердің өлеңдеріне жаңа ән жазып, бұрын жарық көргендеріне қайта әрлеу жасады. Бір сөз­бен айтқанда, көрермендер ақынды жаңа қырынан танып, өте жоғар…

0
0
1589

Құрақ көрпелер көрмесі

Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған. Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде. Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жас…

Әлемді алаңдатқан әлеуметтік желілер

08.11.12.Күн санап өміріміз экранға тәуелді боп барады. Ақпарат, ғылым, үкімет, нарық та ғаламторға тел­міріп отыр. Ал енді адамдар арасын­дағы қарым-қатынасты да ғаламтор шешеді. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде «әңгімелеседі». Әлеуметтік желі - адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін ғаламтор ре­сурсы. Әлеуметтік желілердің ақпарат қо­ғамындағы рөлін көрсету үшін бір­неше статистикалық мәліметтерге тоқталсақ:- Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адам­дардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеумет­тік желілерді пайдаланады; - «Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті;- Әлеуметтік желілер порно­гра­фияны да артта қалдырып, ғаламторда уақыт…

1
0
50218

Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды

Спорт және денсаулық сақтау бағыттарындағы тапсырмалардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын Лондон – 2012 олимпиадасындағы Қазақстандық спорт шеберлерінің жеті бірдей алтын алқаны мемлекет қоржынына енгізуінен көре аламыз. Бірақ, салауатты өмір салтын ұстануға, қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкіндігін жоғарылатуға барлық халық, әсіресе жастар, жауапкершілікпен қарауға міндетті. Осы орайда, Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Турнир 2012 жыл қараша айының 5-6 күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт алаңында өткізілді. Мақсаты – дене тәрбиесі мен бұқаралық, командалық спортты дамыту, халықты, әсіресе жастарды, жұмыстан немесе оқу барысынан тыс дене тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауғ…

0
0
1045

Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты

Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі» деп аталатын торт жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр. Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ. Ұн 1 стақан қант 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода 250 г маргарин 2-3 жұмыртқа 1 банка қоюлатылған сүт. Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз. Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз. Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз. Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз. Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араласт…

5
6
6674