Қазақстанның дәстүріне ғашық Сон Паскаль
Шыны керек, Сон Паскаль есімі алдымен «Englishman in Shymkent» әні арқасында танымал болды. Бір жыл бұрын итальяндық жігіт отандық aTunes онлайн байқау жобасының финалисі болып атанған еді. Кейін Сон көптеген хит әндердің римейкын, сондай-ақ, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің орындаушысы болып үлгеріпті. Қазіргі таңда әнші көптеген қайырымдылық жобаларға қатысып, белсенді түрде daily motion-дарын түсіреді. Ал тамыздың 15 күні сазгер «You should speak kazakhsha» атты жаңа бейнебаянының таныстырылуын өткізді. Әншінің продюсері Жомарт Сүлейменовтың айтуынша, бұл ән жастар арасында қазақ тілін насихаттауға, оны дәріптеуге аз да болса, септігін тигізу керек. Өйткені қазіргі жастар қазақ тілі дамымай жатыр деген зарға емес, оны насихаттайтын позитивті үнге көбірек назар аударатыны шындық. Бейнеб…