«Менің Аяным» Лира Қоныс
Лира Қоныс 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған. МЕНІҢ АЯНЫМ - Кешке түнгі клуб «Пирамидада» кездесеміз бе? - Уақытым жоқ, - дедім. Жабырқап қалды. - Кездесу керек едік. - Басымды қатырмашы, а?! - Сен қазір мақұл демесең, көшеге жүгіріп шығамын да, көліктің астына түсіп өле саламын. - Маған бәрібір. Аян жолға қарай жүгіре жөнелді. Тал арасынан атып шыға келгенде сүліктей қара шеттік көлік ызғып келіп, тежегішін басып үлгерді. Рүлдегі жігіт түсе сала, жағасын…