Мазмұнға өту

Жаңа

«Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы

«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиев Жәнібек ауылының тұрғыны зейнеткер Түменов Нұрманның үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.

Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Өз кезегінде Түменов Нұрман көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

0
0
158

"Кедіргесіз келешек" партиялық жобасы аясында

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Nur Otan» партиясының "Кедіргесіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттық шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев қатысты.

0
0
133

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында шығармашылық фестиваль

Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында шығармашылық фестиваль өтуде. Фестивальдің шымылдығын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әрмен қарай шараның әділқазы алқасы таныстырылып, қатысушылар өз өнерлерімен жиналғандарды тәнті етті.

Ақпараттың толық мәтінін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

0
0
195

Республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасына сәйкес

"Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасына сәйкес, Жәнібек ауданы бойынша "Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің" төрайымы Избасова Саида және осы комиссияның мүшелері мектептердің жанындағы интернаттардың жағдайы, жұмысы, материалдық техникалық базасы және оқушыларға жасалған жағдайлардың деңгейлерін толықтай білу мақсатында Т.Жароков ЖОББ мектеп жанындағы жатақханасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

0
0
167

«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде

«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиевпен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулова Жәнібек ауылының тұрғыны зейнеткер Саленов Кенжеғалидің үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.

Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Өз кезегінде Кенжеғали Саленов көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

0
0
143

Облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов азаматтарды қабылдауы

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов азаматтарды қабылдау кестесі бойынша Жәнібек ауылының тұрғыны Шайдуллин М. жеке мәселесі бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауда болған жас маман тұрғын үй алу бойынша жолықты.

0
0
160

Облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғындарын қабылдады

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық қоғамдық қабылдауына қатынасқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғыны, Жұмағазиев Есенболатты жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.Қабылдауда Жұмағазиев Есенболат өзінің тұрғын үйін жаңадан салып беруді қажет ететіндігін жеткізіп, оның материалдық жағдайына байланысты үйді жаңадан салу үшін көмек көрсетуді сұрады. Осы өтінішке байланысты Есқайыр Елемесов жәрдем көрсету бойынша шаралары қолға алынатындығын хабардар етті. Нәтижесінде, Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС тарапынан үйді жаңадан салу үшін өзінің ескі үйін бұзып қажетті жұмыстар күні бүгінге дейін атқарылып жатыр.Қамқорлық танытып, қолұшын бергені үшін Жұмағазиев Есенболат Есқайыр Елемесовке және «Символ» ЖШС ұжымына өз р…

0
0
162

«Депутаттық мінбе» жобасы шеңберінде

«Депутаттық мінбе» жобасы шеңберінде облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимовтың қатысуымен 2021 жылғы 29 қыркүйекте тікелей эфирде «Аудандағы өзекті мәселелер депутаттар назарында» тақырыбында сұхбат берілді.

Тақырып аясында Есқайыр Илемесов және Тахир Кадимовтың тарапынан ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабарлама жасалып, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына енгізілген міндеттердің орындалуы барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, сұхбат барысында тілші және облыс тұрғындары берген сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарылды.

0
0
160

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Искаир Кафарұлы Илемесовтың 15.10.2021 ж. сағ:10.00-12:00 уақыты аралығында азаматтарды қабылдайды. Алдын-ала жазылу үшін көрсетілген нөмерлерге хабарласуыңызды сұраймыз. (87768440001, 87113522-1-55)

0
0
172