«Депутаттық мінбе» жобасы шеңберінде
«Депутаттық мінбе» жобасы шеңберінде облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимовтың қатысуымен 2021 жылғы 29 қыркүйекте тікелей эфирде «Аудандағы өзекті мәселелер депутаттар назарында» тақырыбында сұхбат берілді.
Тақырып аясында Есқайыр Илемесов және Тахир Кадимовтың тарапынан ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабарлама жасалып, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына енгізілген міндеттердің орындалуы барысы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, сұхбат барысында тілші және облыс тұрғындары берген сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарылды.

