"Кедіргесіз келешек" партиялық жобасы аясында
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Nur Otan» партиясының "Кедіргесіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттық шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев қатысты.


