«Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы
«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиев Жәнібек ауылының тұрғыны зейнеткер Түменов Нұрманның үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.
Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Өз кезегінде Түменов Нұрман көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

