Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғындарын қабылдады

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық қоғамдық қабылдауына қатынасқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғыны, Жұмағазиев Есенболатты жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауда Жұмағазиев Есенболат өзінің тұрғын үйін жаңадан салып беруді қажет ететіндігін жеткізіп, оның материалдық жағдайына байланысты үйді жаңадан салу үшін көмек көрсетуді сұрады. Осы өтінішке байланысты Есқайыр Елемесов жәрдем көрсету бойынша шаралары қолға алынатындығын хабардар етті. Нәтижесінде, Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС тарапынан үйді жаңадан салу үшін өзінің ескі үйін бұзып қажетті жұмыстар күні бүгінге дейін атқарылып жатыр.

Қамқорлық танытып, қолұшын бергені үшін Жұмағазиев Есенболат Есқайыр Елемесовке және «Символ» ЖШС ұжымына өз ризашылығын білдірді.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылының тұрғындарын қабылдады - Yvision.kz