Республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасына сәйкес
"Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасына сәйкес, Жәнібек ауданы бойынша "Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің" төрайымы Избасова Саида және осы комиссияның мүшелері мектептердің жанындағы интернаттардың жағдайы, жұмысы, материалдық техникалық базасы және оқушыларға жасалған жағдайлардың деңгейлерін толықтай білу мақсатында Т.Жароков ЖОББ мектеп жанындағы жатақханасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

